Аймақтар • 18 Қараша, 2020

Полиция киімімен TikTok-та билеген ер адам жазаланды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық азамат полиция қызметкерінің нысанды киімін заңсыз кигені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция киімімен TikTok-та билеген ер адам жазаланды

Полиция департаментінің арнайы тобы әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында ішкі істер органдары қызметкерінің нысанды киім-кешегін заңсыз пайдалану фактісін анықтады. Сюжет бойынша полиция қызметкерінің нысанды киім-кешегін киген жас жігіт жауапкершіліктен жалтару тәсілі ретінде өтіп бара жатқан адамдарды өзімен бірге ТикТок билеуге шақырады.

Бұл факт бойынша Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі құқық бұзушының жеке басын анықтап, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабымен (Айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.