Экономика • 20 Қараша, 2020

Бағаны өсірмеуге тиіс

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы кешенді шаралар қабылдамақ.

Бағаны өсірмеуге тиіс

Өңірлік коммуникациялар­ алаңында өткен брифинг­те «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төраға­сы­ның орынбасары Байбосын Мурзин:

– Бірінші сұрыпты бидай нанының бағасын тұрақтандыру мақсатында 2020 жылдың 4 қарашасында «Вадиса М» ЖШС-мен арада шарт жасалды. Серіктестік 5000 тонна көлемінде бірінші сұрыпты бидай ұнын жеткізеді. Оған 600 млн теңге бағытталады. Би­дай ұны наубайханалық кә­­сіпорындарға беріледі, бір бөл­­ке нанның бағасы дүкен сө­релерінде 87 теңгеден аспауға тиіс, – деді.  Айта кетейік, қа­зір облыс орталығындағы дү­кендерде жұ­мыртқаның 10 да­насы 350-380 теңгеден саты­лып жатыр. Дүкен иелері ба­ғаның қымбаттауын тасы­мал­даушыларға төленетін қар­жы­мен және қосымша шы­ғын­дардың көбеюімен байланыстырады.

– Биыл мемлекеттік сатып алу шарты бойынша «Жас-Қанат 2006» ЖШС-нан 8 млн дана жұмыртқа сатып алынды. Жұмыртқаның бір данасына 24,5 теңге төленді. Сол себепті дүкендер жұмыртқаның 10 данасын 270 теңгеден асырмауға тиіс, – деді Байбосын Мурзин.

Жергілікті әлеуметтік-кә­сіп­кер­лік корпорациясының мә­ліме­тінше, жұмыртқаның 10 данасы 264 теңгеден, қарақұмық жармасының килосы 255 тең­геден аспауы керек. Сұйық майдың шекті бағасы литріне 388 теңге болса, нанның бір бөлкесі 82 теңгеден сатылуға тиіс.

 

Қостанай облысы