Қоғам • 23 Қараша, 2020

Адам саудасы алаңдатады

604 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында адам саудасына қатысты қылмыс­тарды анықтау, жолын кесу, алдын алу мақсатында «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды. Бес­ күндік шара барысында ойын-сауық орындары, мон­ша кешендері, сауналар, жалдамалы пәтерлер мен қонақүйлер, сондай-ақ жеке шаруа қожалықтары мен құры­лыс нысандары тексерілді.

Адам саудасы алаңдатады

Нәтиже көңіл көншіт­пейді. Полицейлер адамды заң­сыз бас бостандығынан айыру, жас қыздарды тәнін саудалауға мәжбүрлеу, жы­ныс­тық қызмет көрсететін астыртын орындар ұйым­дастыру, ол жерде адамды күштеп ұстау сияқ­ты көптеген қылмыс түр­лерін әш­керелеп отыр. Поли­цей­лер мұндай орындарда мәжбүрлі түрде жүр­ген  3 адамды алып шы­ғып,  олар­ды арнаулы әлеу­меттік қолдау көрсету орта­лығына орналастырды.

Мәселен, адамды заң­сыз бас бостандығынан айы­руға қатысты оқиғаның бірі  Б.Майлин ауданында тір­келіп отыр. Осы аудан­ға қа­расты Қайранкөл ауы­лы­ның маңындағы жеке шаруа­шы­лықта 33 жастағы тұрғын 21 жастағы жігітке екі жыл бойы күштеп мал бақтырып қойған. Полицейлер шаруа­шылық иесіне қатысты ҚР ҚК 126-бабының 3-бөлім, 2-тар­мағы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуге кірісті.

«STOP-трафик» шарасы барысында Қостанай қала­сының Темірбаев кө­ше­сін­дегі пәтерлердің бі­рін­де 28 жастағы қыз­дың апа­лы-сіңлілі екі бой­жет­кенді  жезөк­шелікпен айна­лысуға мәж­бүрлеп кел­гені анық­та­лып отыр. Атал­ған қылмыс бо­йын­ша іс қоз­ғалып, тергеу жү­ріп жатыр.

Полицейлер адам сауда­сының белең алып кетпеуі үшін рейд жұмыстарын жиі­летіп, қылмыстың алдын алу мақсатындағы шараларды күшейтті. 

 

Қостанай облысы