Қостанайдағы облыстық қан орталығы таяуда «Қан тапсыр да, өмірді құтқар» деп аталатын акция ұйымдастырды. Аталған шараға «Сарыбай-Соколов» кен байыту комбинатының кеншілері түгел қатысып, жанашырлықтың үлгісін көрсетті. Рудныйлық кеншілер жыл сайын ұжым болып ұйымдасып, орталыққа келіп қан тапсыруды дәстүрге айналдырған.
– Денсаулық болып тұрғанда, әр адам қан тапсырып, өзгенің өмірін құтқарып қалуға көмектесу керек. Бұл – кез келген ізгі қоғамға қажет адамгершіліктің белгісі. Мен мұндай игі шараларға үнемі қатысып тұрамын. Қан тапсырған сайын көңіл күйім көтеріліп, жаным сергіп, бір рахаттанып қаламын. Жақсылық жасағанға не жетсін! – дейді жас кенші Мәди Қамбаров.
Әр донор 450 мл көлемінде қан тапсырды. Мұндай мөлшерде қан жоғалту сау адамның ағзасына ешбір физиологиялық қауіп тудырмайды. Орталық мамандарының айтуынша, донорлық адам денсаулығына пайдалы аса пайдалы көрінеді.
Бұл шараның алғашқы күні кәсіпорынның 50-ден аса жұмысшысы 25 литр қан тапсырды қан тапсырды. Бұл кем дегенде 100 шақты науқастың өмірін арашалап қалуға жетеді, дейді дәрігерлер.
Қостанай облысы