Аймақтар • 24 Қараша, 2020

СҚО-да сертификатталмаған дәрілер сатқан дәріхана анықталды

559 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының ПД арнаулы қызметі есірткі айналымы, психотроптың дәрмектер сатудың заңсыз жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық "Дәрмек" операциясын жүргізу барысында Петропавл қаласының бір дәріханасынан сертификацияланбаған дәрі-дәрмектің 56 түрін сатып отырған бір дәріхананы анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да сертификатталмаған дәрілер сатқан дәріхана анықталды

Жедел қызметкерлерге бұл дәріхананың сертификацияланбаған дәрі-дәрмек сататыны туралы ақпарат түскен. Ақпарат тексерілгенде ашықтан ашық жоғарыда аталған көлемдегі сертификацияланбаған дәрі-дәрмек өткізу анықталған.

Жедел қызметкерлер барлығы 2800 дана дәрі пластинкаларын тәркілеген. Мұндай заңсыздық үшін 130-дан 200 АЕК-ге дейін айыппұл төлеу қарастырылған. Қазір іс шара қолданатын өкілетті органға дайындалу үстінде.