Іле Алатауының орталық бөлігінде 71 мың гектардан аса аумақты алып жатқан Алматы мемлекеттік табиғи қорығы теңіз деңгейінен 1200-5017 метр биіктікте орналасқан. Биыл тоқсан жылға жуық тарихы бар табиғи қорық ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік резерваттар тізіміне енді.

Талғар тау сілемдеріне көтерілген сайын ақ ұлпаға оранған орман қоюлана түседі. Зембіл көкке өрмелеген қарағайлардың сұсты кейпіне қарап жасыл шыршалы мекеннің иесіне бас игендей боласыз. Төменнен көз салғанда теңіз деңгейінен 4978,8 метр биіктікте орналасқан Талғар шыңы менмұндалайды. Мүлгіген тыныштықта мұздықтардан жеткен Талғар өзенінің сылдырын ғана естуге болады. Иірім жолдардың жан-жағы – ит тұмсығы өтпейтін қалың ағаш. Жол жиегіндегі ақпараттық ескертпелер алқаптың ерекше күзетте екенін аңғартқандай. Бұл маңға арнайы инспекторларсыз, яғни орманшыларсыз адам аяғы аттап баспайды. Аралығын шақырымдар бөліп жатқан орманшылар бекеттеріне (кордондар) келгенде қорықтағы жүгірген аң, ұшқан құс, өсімдіктердің жіті назарда екеніне көз жеткіздік. Мұнда талап қатал. Тіптен жаз жайқалған кездері де бір түп жусанды жұлу түгілі, сабағынан сынып түскен бұтаққа тиісуге рұқсат жоқ. Қару ұстап, аң аулауға мүлде тыйым салынған. Қорықтағы Қызыл кітапқа енген биоалуантүрліліктің тізіміне қарап таңданбасқа лажыңыз қалмайды.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының директоры Қуат Байтұрбаев аймақтағы ахуал жайында баяндай келе, жасыл белдеудің экожүйесін қорғаудың негізгі мәселелеріне тоқталып өтті. Қорық аумағы солтүстік Тянь-Шань тау жүйесіндегі Іле Алатау сілемдерінің орталық бөлігінде орналасқан. Яғни Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғатты, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемін қорғау, көбеюін қамтамасыз ету – қорық қызметінің негізі жұмысы. Қорықтың негізгі бөлігін Талғар тау алабы құрайды. Мұндағы негізгі шатқалдар – Талғар, Есік. Шатқалдардан ағатын өзендер де осы аттас келеді.
Жасыл белдеуді шақырымдарға созылған асфальтты жолдар жалғап жатыр. Соңғы жылдарда Алматы облыстық әкімдігінің қолдауымен бұл маңда жолдар жаңартылып, орман бекеттері жарықтандырылып, күрделі жөндеуден өткен. Құзар шыңдардың етегінде отырса да орманшылар елдегі, сондай-ақ шетелдердегі жаңалықтардан Otau TV арқылы хабардар болып отырады. Бұл – орманшылар жұмысын жеңілдетіп, отбасыларымен бірге алаңсыз жұмыс істеуіне жасалған жағдай. Инспекторлар арнайы киімдер, отын-сумен уақтылы қамтамасыз етілген, коммуналдық төлемдер де қорық есебінде. Орманшылар өз учаскесін арнайы аттармен барлайды. Қысы-жазы күтімде тұратын қорық меншігіне алынған аттар ну ормандарды еркін аралап қайтуда таптырмас көлік екені анық. Десек те тікұшақ, квадроцикл пайдаланып, көлік жүрмейтін жерлерге дейін аттарды арнайы көлікпен жеткізудегі дамыған елдер тәжірибесі алдағы уақытта отандық орман шаруашылығында да жүзеге асырудың қажеттілігін көрсетеді. Орман қызметіндегі тәжірибелі мамандар Сланбек Бушуков, Жанболат Баймұханов, Әділбек Жүнісов, Тимофей Панин, Алимжан Заитов, Мұхит Қуанышбеков, Александр Матвиенко, Жаховский Евгений, Ербол Лешбаев, Вакуленко Григорий мен Данияр Сәдуақасов сияқты инспекторлардың еңбек жолы Алматы қорығымен байланысты. Он екі жылдық тәжірибесі бар инспектор Жанболат Баймұханов карантин кезінде орманның тыныс-тіршілігімен жақын таныстықтан соң ұлы Сырымның басқа мамандық иесі болғанына қарамастан, орманшылық кәсіпті игеруге шешім қабылдағанын жеткізді.
Шамамен 2700 биіктіктегі орман атырабының көзге көріне бермейтін тіршілігі қым-қуыт. Әр инспектор өз учаскесін қадағалап, табиғатта болып жатқан өзгерістерді күнделігіне түсіріп, фототұзақтарды қарап отырады. Иә, тылсым табиғаттың тосын мінезін дөп басу қиынның қиыны. Жазда аяқ астынан өрт шықса, қыста қар көшкіні жүру қаупі бар. Ал көктем келе судың тасуы да тосын жайт. Бөгде адамдардың қорық аумағына кіруіне тыйым салынғандықтан, заңсыз аң аулау, күн жылы мезгілдерде от жағып, емін-еркін серуендеуге де болмайды. Қорықтағы ережелерге қарамастан, биыл заңсыз аң аулау фактілері тіркелген. Заң бұзушыларға 2 млн-нан аса айыппұл салынып, сотқа дейінгі амалдар жүргізілген. Ал қорықтың табиғатын тамашалауға келген туристердің қауіпсіздігін арнайы инспекторлар қадағалап отырады. Жаз кезінде Манах шатқалы, жартастардағы жазулар, құмыра пішінді сарқырама сияқты өңірге тән ерекшеліктер туристердің қызығушылығын арттыра түсетіні анық.
Орманшы – қауіпті кәсіп. Қуат Нұрахымұлы атап өткендей, Алматы қорығында биология, экология, аңшы кәсібін меңгерген мамандарға сұраныс жоғары. Осы тұста қорық директоры ауылға жолдамамен баратын мамандарға жасалатын әлеуметтік мүмкіндіктер орман шаруашылығы мамандықтарына да берілсе, құба-құп боларын айтады. Баспанасыз жастар үшін азғантай еңбекақығы пәтер жалдап, отбасын асырау оңайға түспейтіндіктен де болар, орман ісінде жас мамандар тұрақтамайды. Бүгінде қорық қызметкерлерінің 70 пайызы – аға буын мамандар. Орманшылыққа жас мамандарды тарту мәселесіне қатысты депутаттарға да құлаққағыс жасалған. Ал еңбекақысына ауылдық мөлшерлеменің қосылып төленетіні соңғы кезде инспекторларға жасалған әжептәуір көмек болды. Дегенмен екінің бірі қалай бермейтін мамандыққа жастарды қызықтыру мақсатында Талғар, Еңбекшіқазақ ауданындағы мектептерде Алматы қорығы қызметкерлері тарапынан жиі кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Жыл сайын табиғат туралы сурет байқауын өткізіп, мектеп оқушыларына сыйлықтар үлестіру, сонымен бірге табиғатты аялау, ағаш отырғызу да орманшы кәсібіне деген қызығушылықты оятуға бағытталған шаралардың бірі болса керек.
Еліміздегі табиғи қорықтардың құрылу тарихы 1922 жылдары басталады десек, 1926 жылы Орта Азия мен Қазақстанда бірінші болып Ақсу-Жабағылы қорығы ұйымдастырылса, арада бес жыл өте 1931 жылы Алматы қорығы құрылған-ды. 1935 жылы ақпан айында қорыққа мемлекеттік мәртебесі берілді. Алматы қорығының ең басты байлығы – Тянь-Шань шыршалы ормандары. Іле Алатауындағы табиғаттың қалыпты тіршілігі тікелей шыршалы ормандармен байланысты. Қорықта жоғары сатыдағы 85 тұқымдасына жататын өсімдіктің 960 түрі өседі. Оның ішіне ағаштың 14 түрі, бұталардың – 64, бұташалардың – 3, жартылай бұташалар – 5, лиандардың – 3, біржылдық шөптесін өсімдіктердің – 47, көпжылдық өсімдіктердің 722 түрі бар. Төменгі сатыдағы өсімдіктерден саңырауқұлақтардың – 200, мүктердің – 80, қыналардың 200 түрі кездеседі. Қылқан жапырақты орманда сүтқоректілердің – 41, құстардың – 177, бауырымен жорғалаушылардың – 6, қосмекенділердің 2 түрі мекендейді.
Қорықтың Экологиялық ағарту бөлімінің басшысы Жанерке Биғазинова құрылғанына жарты ғасырдан асқан музей жұмысымен таныстыра келе әр белдеуде өсетін өсімдіктер мен тіршілік ететін жануарлар дүниесімен таныстырып өтті. Бүгінде Орталық Азия және Қазақстан тауларында азайып бара жатқан, әлемдегі барлық алма сорттарының атасы болып табылатын жабайы сиверс алмасы осы биік белдеудің басты нышанындай. Қорық аумағында өсетін екі жүзден аса саңырауқұлақ түрлері жеуге жарамды келеді десек, мүк пен қына, басқа да сан алуан өсімдіктердің халық медицинасында дәрілік ретінде, өндірісте бояу ретінде қолданылатынын екінің бірі біле де бермейді. «Қызыл кітапқа» енген тау сусары, Түркістан сілеусіні, Тянь-Шань қоңыр аюы, ілбіс (қар барысы) сияқты биік белдеудің еркін тағысы марал, Сібір елігі, Сібір тау ешкісі, қабан, қасқыр, ақ тырнақты аю, сонымен қатар сасық күзен, бөдене, қабан, кішкентай жануар ақкіс, сақ жануар сілеусін де – қорық қызметкерлерінің қорғауында. Бүркіт, сақалтай, құмай, бидайық, орақтұмсық, көк құс, кекілік, ұлар, құр, қырғауыл сияқты құстардың да көптеген түрі ерекше бақылауды қажет етеді.
Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің мамандары тау басында айлап, апталап жүріп, қорықтағы тіршілік атаулыны, өсімдіктер әлеміндегі өзгерістерді бақылап, зерттеп отырады. Экологиялық ағарту бөлімі, Табиғат кешендері мен нысандарын қорғау бөлімдерінде үш тілді мамандар қорықтың халықаралық кеңістікпен байланысын нығайтуға ықпал етіп қана қоймай, еліміздегі туризмнің де дамуына айрықша үлес қосуда.
Бүгінде Алматы мемлекеттік қорығы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Зоология және ботаника институтымен келісімшарт жасасқан. Осы келісімнің аясында студенттер тәжірибеден өтіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарына басымдық берілуде. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлескен жұмыстар нәтижесінде Алматы қорығына Оксфорд университетінен 40 фототұзақ сыйға тартылған. Қуат Нұрахымұлының айтуынша, осы фототұзақтарды орналастырып, қондырғыларды пайдалануды үйретуге келген шетелдік мамандар жер жағдайын, табиғаттың жайын жақсы меңгерген орманшылардың заманауи технологияларды игеру тәжірибелеріне ерекше таңданысын білдіріп қайтқан. Ал осы қорыққа БҰҰ жануарлар әлемін қадағалау бағдарламасы аясында сыйға тартылған дронды аппараттар да қорық күзетін нығайта түсетіні анық. Осыдан екі жыл бұрын жемтік іздеп, қорық аумағында қар барысының фототұзаққа түсіп қалғанынан көпшілік хабардар. Жаралы барыс бірнеше күн орманшылардың бақылауында болып, сауыққаннан кейін өз тұрағына қайта оралған болатын. Өткен жылы қорық инспекторы бейнебақылау құрылғысын бақылап, тексеруі кезінде екі аланы бар таутанды байқап қалған болатын. Ілбіс, қар мысығы деп те аталатын құзар шыңдар патшасы бүгінде аз зерттелген жануар. Олардың мекендейтін аумағы қолжетімсіз болғандықтан, зерттеулерге қиындық туғызып келгені белгілі. Ал алдағы уақытта қорық аумағындағы фототұзақтар ілбіс жайындағы кең көлемді зерттеулерге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Ілбіс Алматы мемлекеттік қорығымен қатар Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Сауыр мен Алтай тауларындағы қорықтарды мекендейді. Мәліметтер бойынша Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарындағы қорғауға алынған 13 аймақта қар барысын бақылау үшін БҰҰ ілбісті қорғау мен бақылау мақсатындағы бағдарламасы аясында 294 фототұзақ қойылған. Бүгінде Қазақстандағы ілбістің саны 130-140 шамасында.
Алматы мемлекеттік қорығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Көлсай көлдері, Ақсу-Жабағылы, Қорғалжың қорықтарымен тәжірибе алмасу дәстүрлі шараға айналған. Мемлекеттік инспекторлар құрамының табиғат қорғау заңдылықтарының біліктілігін арттыру мақсатында, белгіленген кесте бойынша қорық мамандарымен ағарту жұмыстары тұрақты өткізіліп тұрады. Қ.Байтұрбаев атап өткендей, әр қорықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Ал туристерді қабылдаудағы бұл қорықтардан үйренетін тәжірибелер өз алдына. Осы тұста Қуат Нұрахымұлы орманшыларға қысы-жазы жағдай жасап, отбасының ұйытқысы болып отырған әйелдердің құқықтық негізде қорғалмағанын алға тартты. Оларды жұмыспен қамтамасыз ету мүмкін болмағандықтан, зейнетке ең төменгі көрсеткішпен шығады. Осы мәселеге байланысты депутаттарға хабарланып, арнайы сауал да жолданған.
Туған табиғатымызды қорғауда және оны сақтап болашақ ұрпаққа қалдыру мақсатында қорық ұжымы аянбай еңбек етіп келеді. Осы қажырлы еңбектің арқасында Алматы қорығы мамандары Қазақстандағы алдыңғы қатардағы қорықтардың біріне айналып отыр. Десек те қаупі зор кәсіпті игерген орманшылар қызметіне басқаша көзқарас қажет.
АЛМАТЫ
Қазақстан күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығын енгізуі мүмкін
Экономика • Кеше
Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Аймақтар • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
AКРA: Қазақстанның ұлттық қарызы ІЖӨ-нің 26,6% -на жетуі мүмкін
Экономика • Кеше
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • Кеше
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Кеше
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Кеше
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанның ватерполшылары Нидерландпен күш сынасады
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне орай СІМ мәлімдеме жасады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • 22 Қаңтар, 2021
Канадада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары талқыланды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 22 Қаңтар, 2021
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері түсіндірілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбом жарық көрді
Руханият • 22 Қаңтар, 2021
Карантин шараларын бұзғаны үшін жабылған мекемелердің тізімі жарияланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ержан Бабақұмаров COVID-19-дан сақтану шараларын күшейтуді тапсырды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары 12 жылға сотталды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • 22 Қаңтар, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда кәсіпкерлерді қызметкерлерін МӘМС жүйесінде 25 қаңтарға дейін сақтандыруға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстанда вирусқа қарсы екпе 180 мыңнан аса адамға егіледі
Медицина • 22 Қаңтар, 2021
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • 22 Қаңтар, 2021
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Елордада 7 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт жарияланды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Петропавлда анасы 3 жасар қызын ұрып, жансақтау бөлімінен бірақ шығарды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
GPS-бақылау жүйесі Қазсушардың барлық көліктері мен техникаларына орнатылған
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда «Алтай», «Сапар», «Ақбұлақ» базарларын жаңарту жоспарлануда
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй сатып алуға зейнетақы салымдарын қалай пайдалануға болады?
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарды індеттен сақ болуға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Энергетика министрлігінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері талқыланды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар