Көпбалалы отбасында туып-өскен балалар дүкеннен жаңа киім сатып алудың ата-ананың қалтасына қаншалықты салмақ түсіретінін жақсы біледі. Күнін әрең көріп жүрген жанға бұл екі есе ауыртпалық. Осындайда мұқтаж отбасылардың жыртығын жамайтын әлеуметтік дүкендердің бары – көңілге медет.

Бұрынғы Кеңес дәуіріндегідей емес, қазіргі нарықтық заманда не сатып аламын десең де табу оңай. Кейде жарнаманың арбауына түскеннен бе тым көп тауар тұтынатынымыз бар. Ондайда бір жаңа киімге қолы жетпей отырған отбасының барын білмейміз. Бәріміз емес, әрине. Бұрындары ескі киімді ауылдағы туыс-тумаға жіберу деген жақсы дәстүр бар-тын. Қазір әлемде «жылдам сән» ұғымы қалыптасқалы, биыл сатып алған киімің келесі жылы сәннен шығып, киюге жарамайтын болған жайы бар. Мұндайда қоқысқа кеткен киімнің қоршаған ортаны қаншалықты ластап жатқанын айта кеткен жөн. АҚШ-та шамамен тоқыма бұйымдардың 85 пайызы қажетсіз болып қалады екен. Бұл – 1 жылда 13 млн тонна қоқыс полигонға кетеді деген сөз.
Осыншама киімнің рәсуа болмай, кедейлік шегінде өмір сүріп жатқан отбасыларға берілуі құптарлық іс. Осындай қайырымды жобалардың бірі – Qarqyn әлеуметтік дүкені. Ел астанасының тұрғындары бір жылдан бері «Сығанақ көшесі, 15» мекенжайы бойынша өзіне қажетсіз киім-кешекті алып келеді. Бұл дүкенде киім ғана емес, қайырымды жандардың балалары ойнаған ойыншықтары мен велосипеді де бар. Тура сол өзіміздің «үлкеннен қалған» идеясын қолдайтындай.
Qarqyn қайырымдылық қорын ұйымдастырған Мадияр Мұхамеджанұлы мұқтаж жандарға қол ұшын созу туралы бірнеше жыл қатарынан ойластырып жүреді. Ролан, Берік ағаларымен ұзақ кеңесе келе, тегін әлеуметтік дүкен ашу туралы шешімге келген. Алғашында бұл бастамаға күмән білдіргендер көп болған. Дегенмен ізгі ниет пен шын көңіл бәрін жеңген.
2019 жылдың 23 ақпанында ашылған дүкенді толтыруға туыстар мен таныстардың көмегі көп тиген.
«Таныстарымыз бір-бірінен естіп техника, жиһаз, киім ілгіштері секілді дүкенге қажет дүниелерді алып келе бастады. Ғимаратты қаланың орталығынан жалдадық. Сырт жақта баға төмен болғанымен, киім-кешек өткізгісі келген не алғысы келген жандарға алыс болатынын ескердік. Қорда 1 директор, филиал директоры және 8 жұмысшы қызмет етеді. Волонтерлер мен университет студенттері де көмекке келіп тұрады», дейді Мадияр.
Дүкен киім-кешек, аяқ киім, ойыншық, велосипед, балаларға арналған арба, телефон, ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника мен тамақ өнімдерін де қабылдайды. Осының барлығы аз қамтылған отбасыларға, асыраушысыз қалған қарттарға, жалғызбасты, еңбекке жарамсыз адамдарға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, жетімдер, көпбалалы отбасылар, мүгедектер мен жалғызбасты аналар мен әкелерге тегін таратылады.
«Отбасының әр мүшесіне айына 1 рет 5 заттан береміз. Мысалы, егер отбасында 4 бала болса, онда ата-анасымен бірге бір айда 30 зат ала алады. Мұқтаж екенін растайтын құжатын көрсетуі керек. Ол кісілерді жүйемізге тіркеп қоямыз. Біздің статистикаға сәйкес, дүкенге күн сайын шамамен 75 адам келіп, 1500-2000-ға жуық зат өткізеді. Зат алуға келетін адамдардың да үлесі көп. Айына дүкенге шамамен 70 мыңнан астам зат келіп түседі. Ашылғалы бері 20 мыңнан астам адамға сәл де болсын қол ұшын создық», дейді М.Мұхамеджанұлы.
Жалпы, орташа есеппен 300 млн теңгеге жуық көмек көрсетілген екен. Бұл аз да, көп те емес. Қоқысқа кететін дүниенің, келесі бір жанның керегіне жарағаны қуантады.
Парламент Сенаты Аппаратында қызмет ететін Мадияр қоғамдық жұмысқа да үлкен мән береді. Осындай қайырымды дүкенді өзге қалалардан да ашу туралы тілегі жақында қабыл болған екен.
«Аяққа тұрған соң филиал ашу туралы біраздан ойланып жүргенбіз. Бірде Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігі хабарласып, жобаларыңызды көрдік, ұнады, қолдау көрсетсек деген тілегін білдірді. Осылайша қараша айында Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың қатысуымен Алматы қаласы, Жандосов көшесі 144/1 мекенжайында дүкеннің филиалын аштық», дейді кейіпкеріміз.
Одан бөлек қор қызметкерлері Мақтааралдағы су тасқыны кезінде 3 жүк көлік киім-кешек жолдаған екен. Ескі заттарды алып сорттау, тазалаудың өзі үлкен еңбекті қажет етеді. Әдетте жұмыс барысында көлденең келетін қиындық та көп. Жүрек қалауыңмен атқаратын ісіңе адал болып қалу үшін қаншалықты ынта керек десеңізші.
«Бұл дүкенде қиындық пен қызық қатар жүреді. Тегін берілетін заттар болғаннан кейін сынаушылар да, шынайы ризашылығын айтып кететіндер де жеткілікті. «Жаңа зат берсеңдер болады ғой» дейтін кісілерді де кездестіреміз. Құжатсыз келіп тұрып алатындар да жеткілікті. Растайтын құжатсыз берілмейді десеңіз, айқайдың әкесін танытатындар болады. Кейде жетімдер үйінен, қарттар үйінен, мүгедектерге арналған, пробациялық орталықтардан көмек сұрайды. Мұндай мекемелермен тығыз жұмыс істейміз. Сұраған заттарын тауып беруге тырысамыз, бір шетке бөлек қойып жинаймыз. Дүкенге келушілер түсінбей, өздеріңе қажет заттарды жинап алады екенсіңдер деп айыптайды. Сынды да қабылдай білеміз», дейді жобаның барлық машақатын көрген қызметкерлер.
Биылғы пандемияның отбасылардың әлеуметтік жағдайына әсер еткені белгілі. Табыссыз, мүлдем жұмыссыз қалғандары да көп. Карантин кезінде келген кісілердің 70 пайызы азық-түлік, балаларға арналған тағам сұраған екен. Мұндай кезде дүкендегілер қолдан келгенше тауып беруге тырыстық дейді. Одан бөлек SanaMed медициналық компаниясымен бірлесіп, №2 қалалық балалар ауруханасына COVID-19 індетін анықтайтын 300 дана тест табыстаған.
Жобаның жабылып қалмауына қол ұшын созып отырған «Транстелеком» секілді компаниялар да бар. Қалалық әкімдік те соңғы жарты жылда жобаға оң баға беріп, мемлекеттік қолдау көрсетіп отырған көрінеді. Ұйымдастырушылар осы секілді қайырымды жобалардың ғұмыры ұзақ болғанын қалайтын жұрт өзінен артылған дүниесін тасудан шаршамаса дейді. «Жақсылық жасап жарысайық» деген берік ұстанымға сенетін Мадиярға дүкендер желісінің көбейіп, жалпыхалықтық қозғалысқа айналуын шын жүректен тіледік.
Қазақстан күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығын енгізуі мүмкін
Экономика • Кеше
Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Аймақтар • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
AКРA: Қазақстанның ұлттық қарызы ІЖӨ-нің 26,6% -на жетуі мүмкін
Экономика • Кеше
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • Кеше
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Кеше
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Кеше
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанның ватерполшылары Нидерландпен күш сынасады
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне орай СІМ мәлімдеме жасады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • 22 Қаңтар, 2021
Канадада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары талқыланды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 22 Қаңтар, 2021
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері түсіндірілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбом жарық көрді
Руханият • 22 Қаңтар, 2021
Карантин шараларын бұзғаны үшін жабылған мекемелердің тізімі жарияланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ержан Бабақұмаров COVID-19-дан сақтану шараларын күшейтуді тапсырды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары 12 жылға сотталды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • 22 Қаңтар, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда кәсіпкерлерді қызметкерлерін МӘМС жүйесінде 25 қаңтарға дейін сақтандыруға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстанда вирусқа қарсы екпе 180 мыңнан аса адамға егіледі
Медицина • 22 Қаңтар, 2021
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • 22 Қаңтар, 2021
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Елордада 7 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт жарияланды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Петропавлда анасы 3 жасар қызын ұрып, жансақтау бөлімінен бірақ шығарды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
GPS-бақылау жүйесі Қазсушардың барлық көліктері мен техникаларына орнатылған
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда «Алтай», «Сапар», «Ақбұлақ» базарларын жаңарту жоспарлануда
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй сатып алуға зейнетақы салымдарын қалай пайдалануға болады?
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарды індеттен сақ болуға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Энергетика министрлігінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері талқыланды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар