Жобаны NAC Analytica корпоративтік қоры, GlobalXplorer американдық ұйымы және Назарбаев Университетінің археолог-ғалымы Дэниел Пью іске асырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жобаның мақсаты – Қазақстандағы археологиялық нысандарды іздеу үдерісін жеделдету және автоматтандыру. Әзірлеушілердің пікірінше, мұндай іздеу жүйесін құру адам, уақыт және ақша ресурстарын оңтайландыруға, сондай-ақ көпшіліктің археологияға деген қызығушылығын тудырады.
"Адамдар археология туралы естігенде, олар бірден қолында тіс щеткалары бар, лас жерде отырған ғалымдарды көз алдына елестетеді. Бұл өте қызық, өйткені бүгін біздің салада көптеген жоғары технологиялар қолданылады. Біз жұмыс істеп жатқан жоба Қазақстан үшін өте қолайлы, өйткені мұнда кеңістік көп, халық тығыздығы төмен және ағаштар мен өсімдіктер тұрғысынан топырақ жамылғысы өте үлкен емес", - дейді доктор Пью.
Бастапқы кезеңде жер бетін сканерлейтін жүйе жоғары дәлдіктегі суреттерді ғалымдарға бағыттайтындай етіп орнатылады. Олар далада табылған археологиялық ескерткіштерді құжаттайды және оларды кейде ғылыми қоғамдастықтан гөрі жақсы білетін, жергілікті тұрғындардың деректерімен салыстырады, - деп түсіндіреді ұйымдастырушы.
Екінші кезеңде интерактивті веб-сайтты іске қосу жоспарлануда, онда қарапайым пайдаланушылар археологиялық нысандарды анықтау процесіне тартылады.
"Сайтқа кіргендердің әрқайсысы пайдаланушы атын жасай алады және басқару және мониторинг панеліне кіре алады. Онда спутниктер түсірген суреттер "сіз мұнда қызықты бір нәрсені көріп тұрсыз ба?» деген сқрақтармен шығады. Егер пайдаланушы "жоқ" деп жауап берсе, экранда басқа суреттер көрсетіледі. Егер пайдаланушы "иә" деп жауап берсе, онда сурет басқа пайдаланушыларға көрсетіледі. Осылайша, егер белгілі бір сурет көптеген оң жауаптар алса, археологиялық жұмыстарға ғалымдар тобы жіберіледі. Процесс қызықты болады!", - деп қосады профессор Пью.
Оның айтуынша, осыған ұқсас жүйе Перу мен Египетте сәтті қолданылып келеді. Ал Google компаниясы оны адамның бет-әлпетін тану функциясы үшін пайдаланады. Сондай-ақ ғалым 2016 жылы Қостанайда геоглиф табылған кезде өзінің тиімділігін дәлелдеген спутниктік технологиялардың жоғары қуаттылығын атап өтті. Сол кезде жергілікті ғалым Google карталарын қолданды.
Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?
Экономика • Бүгін, 13:33
Руханият • Бүгін, 13:32
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
Руханият • Бүгін, 13:10
Германия карантинді 14 ақпанға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 12:53
Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуродан сатылып жатыр
Әлем • Бүгін, 12:50
Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі Алматыдағы Nur Otan филиалын басқарады
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Өткен жылы 99 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды
Қоғам • Бүгін, 12:31
Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Аймақтар • Бүгін, 12:26
Жөтелді арақ буымен емдеуге бола ма?
Қоғам • Бүгін, 12:20
Дубайдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 12:16
Қуат Хамитов интернетке қосыла алмағандықтан сот отырысы кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 12:07
21 қаңтарда Сенаттың кезекті отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 12:06
Өмірзақ Шөкеев Түркістанда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады
Аймақтар • Бүгін, 12:03
Аягөзде 5 қабатты 60 пәтерлі екі тұрғын үй бастау алады
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Мағзұм Мырзағалиев қарағандылықтарға жаңа Экологиялық кодексті таныстырды
Аймақтар • Бүгін, 11:55
Атырауда сотталған азамат еріктілер қатарына қосылды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Монархияны сынаған таиландық 43 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 11:46
Глубокое ауданы ауызсумен қамтамасыз етіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Балаларды вакцинациялауға қатысты жалған ақпарат тарады
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Алматылықтар 80 миллион теңге шамасындағы қарыздарын төлемейтін болды
Аймақтар • Бүгін, 11:29
Ұқсас жаңалықтар