«Менің болашақ отбасым», «Репродуктивті денсаулық», «Экономика және отбасылық бюджет» тақырыптарында дәрістерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отбасылық құндылықтарды зерттеу орталығының директоры, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Майра Кабакова өткізді.
Онлайн семинар-тренингтерге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Тұран» университеті, «Қайнар» Академиясы, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы, С.Ж.Асфендияров атындағы медицина университеті, «Нархоз» университеті, Еуразиялық технологиялық университеттерінен 500-ден астам студент қатысты.
Отбасылық өмір – бұл үлкен шығармашылық жоба! Егер осы маңызды жоба шеңберіндегі қызмет пен қарым-қатынас ләззат, қуаныш сыйласа, онда сіз бақытты адамсыз, – деп есептейді Алматы қаласының жастар мен отбасын тұрақты дамыту бөлімінің басшысы Орынбасар Құдайбергенов.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Отбасы институты» жобасының мақсаты – Алматы қаласында отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Осы әлеуметтік тапсырысты тікелей жүзеге асырумен «Зор Рух» қайырымдылық қоры айналысады.
Жоба Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде отбасылық-бағдарланған тәсілді дамытуға, отбасы институтын нығайтуға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған. Оның аясында Алматы қаласында отбасы институтын нығайтуға және отбасы мүшелеріне тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты психологиялық, құқықтық, білім беру және басқа да мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау көрсетіледі.