Саясат • 27 Қараша, 2020

Комиссия отырысын өткізді

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады akorda.kz.

Комиссия отырысын өткізді

Кеше Қазақстан Республи­ка­сының Мемлекеттік хатшы­сы Қырымбек Көшербаевтың төра­ғалығымен Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы онлайн режімде өтті.

Отырыста Қазақстан азамат­тығын алуға және одан шығуға тілек білдірген адамдардың өті­ніштері қаралды.

Одан бөлек, Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің азаматтықты өзгерту мәселелері жөнінде 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала нәти­желері талқыланды.

Жиын қорытындысы бойын­ша комиссия Мемлекет басшы­сының қарауына жақын және алыс шетелдерден келген әртүрлі ұлттардың 1 037 өкілін еліміздің азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.

Комиссия 300 адамның Қазақ­стан азаматтығынан шығу туралы өтінішін қанағаттандыруды да ұсынатын болады.