Экономика • 27 Қараша, 2020

А.Есімов ТОП-10 басшылар қатарына кірді

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің төрағасымен және Қытай инвестициялық корпорациясын (CIC), БАӘ Mubadala егеменді қоры (Mubadala Investment Company), сондай-ақ Кувейттің ұлттық әл-ауқат қорын (Kuwait Investment Authority) қоса алғанда, әлемдік тәуелсіз қорлардың бірінші басшыларымен бірге инвестициялық ұйымдардың ТОП-10 басшыларының қатарына кірді.

А.Есімов ТОП-10 басшылар қатарына кірді

SWFI – бұл тәуелсіз әл-ауқат қор­­ларын (124 бір­лік), зейнетақы қор­­­ларын, орталық банк­тер­ді (177 бір­лік), инвес­ти­циялық басқарушы ком­­­па­­нияларды (3 475 бірлік) және ин­вес­ти­ция­лау, ак­тивтерді, тәуекел­дер­­ді бө­лу, басқару, экономика, саясат, сау­да және басқа да ұзақ мер­зімді мем­ле­­кет­тік ин­вес­тор­­лар­ды зерттеуге ар­­нал­­ған ға­лам­дық ұйым.

Public Investor-10 – инвес­ти­циялық ұйым­­­дардың ең беделді бас­шыларын қам­­титын­ ­жаһан­дық та­нылған­ рей­тинг. SWFI ұйымы рейтинг жасау кезінде инно­вацияларды, қор­лан­ды­руды, экологиялық мәселелерді, кіріс­тілікті, бірегей бағдарламалар және қабылданған бастамаларды қоса алғанда, бірқатар параметрлерді тал­­дайды. Тарихи тұрғыдан алғанда рейтинг TОП-100-ге енген, бірақ биыл SWFI редакциялық алқасы 2020 жылы құбылмалылықты ескере отырып, ең үздік 10 басшыны бөліп көрсету үшін өзгеріс енгізуді ұйғарды.