17 Сәуір, 2010

ҮМІТТІ ҮЗБЕГЕН “ЭКОМЕД” КӨМЕГІМЕН ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ АЛДЫ БҮГІНДЕ 15-КЕ КЕЛДІ

793 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Астанадағы “RІXOS Prezіdent Hotel-Astana” қона­қүйінде “Қазақстанда денеден тыс ұрықтандыру бағдар­ламасының 15 жылдығы” атты ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оған еліміздің адам ұрпағын өрбіту институтының жетекші мамандары мен Президент жанын­дағы Әйелдер істері және отбасы­лық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия­ның төрайымы, Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдіқалықова, Ұлттық аку­шер-гинеколог­тар ассоциациясының төрайымы Н.Каюпо­ва, дүниежүзілік репродуктивті медицина ассоциа­ция­сының президенті С.Антинори қатысты. Елімізде жасанды ұрықтан­дыру әдісі пайда болғалы бері соңғы 15 жылда 5 мыңнан астам бала дүние есігін ашыпты. Жаңа әдіс бойынша өткізілген 20 мыңнан астам операция нәти­жесі туралы денеден тыс ұрық­тандыратын алғашқы зертхана­ның негізін қалаушы, “Экомед” емханасының басшысы Сал­танат Байқошқарова әңгімелеп берді. “15 жыл бұрын Қазақстанда осындай жалғыз зертхана болса, бүгінде оның саны 8-ге жетті. Осы уақыт аралығында ғылым бір орында тұрып қалмай алға жылжып, мамандардың көмегі­мен 5 мың сәби дүние есігін ашты” – деді ол. Дәрігердің айтуынша, арнайы жабдықтар­дың көмегімен жасанды ұрық­тандырылған эмбрион­ның ден­сау­лығын оны әйел жатырына енгізбей тұрып көруге болады екен. Сонымен қатар, болашақ ұрпақтың бойын­да генетикалық аурулардың бар-жоғын анық­тауға, алдын алуға мүм­кіндіктер де бар көрінеді. Елімізде жасан­ды ұрықтандыру әдісінің құны әлемнің өзге елдерімен, Ресей­мен салыстыр­ғанда 4 есеге арзан. Мысалы, денеден тыс ұрықтандырудың (ДТҰ) құны 150-190 мың теңгенің айнала­сында тұрады. Оған қоса құны 100 мың мен 200 мың арасында болатын гармональды дәрі-дәрмектер тағы бар. Бұл бір жолғы қабылдайтын ем. “Бұны барлық азаматтардың қалтасы көтере бермейді. Мүмкіндіктері жоқ, – дейді С. Байқошқарова. – Дегенмен,  Мемлекет тарапынан қолдау болып жатқан жағдайда бұл бағаны әлі де төмендетуге болады”. Жасанды ұрықтандыру әдісі әлемнің көптеген елдерінде қолданылады. Ал елімізде пайда болған 15 жылдың нәтижесін салыс­тырып қарасақ, әдіс тиімді­лігі 25 пайыз. Салтанат Байқош­қарованың айтуынша, бұл әдіске қазақстандық жүгіну­шілер саны жыл санап артып келеді екен. Адам­дар жылдан-жылға табиғат­тан алшақтап барады. Соның нәтижесінде тек әйел адамдардың ғана емес, ер­кек­тердің де денсау­лығы нашар­лап барады. Мысалы, ауылдық жерлерде бедеу­лікпен ауыратын жандар көп келе бермейді. Оған қоса емге жүгіне­тін әрбір әйелге жасалатын алғаш­қы ем-домның нәтижелі аяқталуы 20-40 пайыз арасында. Бұл әйел­дің жасына да байла­нысты бола­ды. Әйелдің жасы қан­шалықты үлкен болса, мүмкіндік сонша­лық­ты аз болмақ. Сондық­тан алғашқы ем сәтсіз аяқталса, 3-4 рет қайталауға тура келеді екен. Қазақстанда ДТҰ зертхана­сы­ның негізін салушы Салтанат Байқошқарованың еңбегі осы конференция барысында айқын байқалды. Сол жерде жүгіріп жүрген кішкентай балалар, үшем­дер мен қолды-аяққа тұр­май тыпырлаған сәбилерді көргенде дәрігер еңбегінің зая кетпей, оған қоса шаңырақтарға сәбидің шат күлкісін сыйлап, үміт отын жаққан ақ халатты абзал жандарға айтар алғыс мол. Венера ТҮГЕЛБАЙ.