Алып бәйтеректей терең тамыры құрлықтарға жайылған түркі әлемін ғасырлар тоғысында түрлендіріп түлеткен, осылайша бауырластыққа жаңаша бай мазмұн берген, түркі интеграциясының архитекторы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екені жалпақ жаһанға белгілі.

Көп түріктің атажұртында жаңа мемлекеттің іргесін қалаған Қазақстанның Тұңғыш Президенті түркі әлемінің ынтымақтастығына әу бастан айрықша мән беріп, туыс жұртты түгендеп, үзіліп қалған алтын арқауды қайта жалғады. Әуелі іргедегі ағайын елдермен достық байланыстарды арттыруға баса назар аударып, Орталық Азия ынтымақтастығын құру жөнінде бастама көтерді. Еуразияның күретамыры болған Ұлы Жібек жолын қайта жандандырып, Алтай мен Анадолының арасын жалғаған түбі бір туыс елдердің асыл мұратына жол ашты. Сонау тоқсаныншы жылдардан бері Түркітілдес мемлекеттердің алқалы басқосуларына ұйытқы болып, Түркі Кеңесі, ТүркПА, ТҮРКСОЙ, Түркі Ақсақалдар кеңесі, Халықаралық Түркі академиясы сынды іргелі ұйымдардың негізін қалап, маңызды идеяларға бастамашы болды. Түгел түркінің түпқазығы, әзірет қонған әз қала, киелі Түркістанды түлетті. Сондықтан 2010 жылы Түркістанда Түркия Президенті Елбасының иығына ақ шапан жауып, қолына аса таяқ ұстатып, оны «Түркі әлемінің лидері» деп бағалады. Ал былтыр Бакуде өткен Түркі кеңесінің Саммитінде бауырлас елдердің басшылары бірауыздан Елбасын «Түркі кеңесінің құрметті төрағасы» сайлап, ұйымның мәртебелі орденімен марапаттауы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі әлеміне сіңірген еңбегінің жемісі екені анық.
Елбасы түрлі халықаралық ұйымдардың құрылуына бастамашы болумен қатар түркі әлемін біріктіруде және халықаралық бітімгерлік саясатта да еңбегі ұшан-теңіз. Бүгінде түркі жұртының кез келген күрмеуі қиын ширыққан шиеленісті шешімдерде Елбасының мәмілегерлігі мен бітімгерлігіне арқа сүйейтіні жасырын емес. Күні кеше соғыс өрті басылған Қарабақ мәселесінде де Елбасы әуелден бітімгерлік әділ бағытты ұсынып, түйткілді жайтты БҰҰ заң-қарарына талаптарына сай бейбіт жолмен шешуге шақырған еді. Түркия мен Ресейдің қырғиқабақ салқындығына араағайындық еткен еңбегін де жұртшылық түгел мойындайды.
Елбасының тамырлы тарихымызды түгендеуге ерекше екпін беруі арқылы өшкеніміз жанып, өткеніміз санамызда сәулеленді. Халқымыздың тарихи жадысына қан жүгіріп, ел шежіресінің екінші тынысы ашылды. «Мәдени мұра» арқылы шетелдік архивтерден қазақ елінің тарихы туралы қыруар деректер жинақталып, іргелі зерттеулер руханиятымызға жауһар көмбе болып қосылды. Елбасының «Тарих толқынында», «Мәдени мұра» «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» секілді кешенді бағдарламалары жүзеге асырылып, шын мәнінде рухани жаңғыруға берік негіз қаланды, зор тәжірибе, бай қор жинақталды. Шынтуайтында бұл бастамалар тек қазақ халқының ғана емес, тамыры бір, тарихы ортақ түркі жұртының ұлттық жадысын оятып, жаңа ғасырдағы түркі әлемінің оянуына алып келді. Байқал мен Балқанның, Алтай мен Анадолының, Моңғолия мен Мажарстанның арасындағы Ұлы далада байырғы бабалардың өнегелі ізі мен өміршең сөзі бүтін бітімімен жүйелі қазынаға айналды. Арғымақты алғаш ауыздықтап, болат балқытып, темірден түйін түйген, жылқының жалында туған жауынгер жұрттың жұрнағы екеніміз жер жүзіне Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты маңызды бағдарламалық мақалаларымен дәйектелді. Осылайша қалғып кеткен тарихи сананы ояту, ұлттық кодтарымызды анықтау һәм халқымызды жарқын болашаққа ынталандыру бағдарламалары тұтас түркі дүниесі үшін маңызды бастамаға баланды.
Тұғырлы тұлға ғұмырлы тарихты жасаса, керісінше, тарих та тегеурінді тұлғаны тудырады. Замана көші өркениетке бет бұрған сайын кемеңгер тұлғалардың керуен жолы аласармай, уақыт өткен сайын асқақтай берері ақиқат. Себебі адамзат тарихында артына өшпес мұра қалдырып, өркениет көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосқан тұғырлы тұлғаларымыз бүгін мен келешек ұрпақ үшін рухани азық, жол бастар темірқазық болары айқын. Біз бүгін барымызды қастерлеп, бірлікті байрақ етіп, Алаш арыстарына аңсар-арман болған бауырластығымызды бекемдей түссек, ол – Елбасының ерен еңбегі, болат жігері, асыл мұратының жүзеге асқанының шынайы да айқын көрінісі. Сондықтан тарихы ортақ, тамыры бір, тағдыры ұқсас, туырлығы тұтас, туыстығы өрісті, ынтымағы ырысты түгел түркінің тұғырлы тұлғасы, әлбетте, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екені анық.
Жетісу «жасыл аймаққа» қайта оралды
Аймақтар • Бүгін, 14:38
Байғабылда су мұнарасы құлап қалды
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Президент: Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында – артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді
Президент • Бүгін, 14:17
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандық вакцинаны салдырамын
Президент • Бүгін, 14:05
Президент тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажеттігін айтты
Қоғам • Бүгін, 13:56
Қызылордада биыл 4 ірі жоба іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі байланыс пен интернет сапасын сынға алды
Технология • Бүгін, 13:42
Үкіметке жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан жайылымдар қайтарылуы тиіс
Президент • Бүгін, 13:35
Шатырдағы мұз сүңгілері құлап, 11 жастағы бала көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Президент Үкіметке «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 13:23
Жайық өзенінің экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады - Президент
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Жер кодексіне түзетулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Елорда әкімі тұрғындардың газдың бағасына келіспеушілігі болғанын мойындады
Елорда • Бүгін, 13:05
Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі құрылады
Президент • Бүгін, 13:04
Президент азаматтар қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналасатын үш өңірді атады
Қазақстан • Бүгін, 12:58
Боранда жолға шыққандар жапа шекті
Оқиға • Бүгін, 12:57
Президент бюджетке түсетін салықтың аз екенін айтты
Президент • Бүгін, 12:51
Жерлесіміз АТР чемпиондық жарысында үшінші орынға көтерілді
Теннис • Бүгін, 12:49
Президент Гүлшара Әбдіхалықовадан облыстағы құрылыс қарқынының баяулау себебін сұрады
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Президент шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды
Экономика • Бүгін, 12:47
Қаржы • Бүгін, 12:46
Үндістанда екпе туралы қауесет таратқандар жазаға тартылады
Әлем • Бүгін, 12:43
Биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болады
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қ.Тоқаев Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасына тапсырма берді
Президент • Бүгін, 12:38
IIHF хоккейден әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы бүгін анықтайды
Хоккей • Бүгін, 12:37
Алексей Цой: Үш өңірдің эпидемиялық ахуалы жеткілікті деңгейде қадағаланбай жатыр
Медицина • Бүгін, 12:37
Жамбыл облысында қылмыс деңгейі төмендеді
Аймақтар • Бүгін, 12:32
СҚО-да қолайсыз ауа райынан төрт автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Президент Үкіметке Қызылорда облысына қолдау көрсетуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:24
«Қазақ радиосы»: Нұр-Сұлтанда көптеген көше атауы ауысып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:22
«СҚ-Фармация»-ны бақылаушы құрамға арнайы қоғамдық жұмыс тобы құрылды
Медицина • Бүгін, 12:20
Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінімдер қабылдау басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:19
«Жүйесіз сөз иесін табады» - депутат Ахметов өзін сынағандарға жауап берді
Қазақстан • Бүгін, 12:19
Өткен жылы 700 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алған
Бизнес • Бүгін, 12:15
iKomek109: Есірткіге тәуелді жандарға консультация беріледі
Аймақтар • Бүгін, 12:13
Қорғаныс министрлігінде апталық аппарат кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 12:11
Жер учаскесі онлайн рәсімделеді - Асқар Мамин
Қоғам • Бүгін, 12:04
Елімізде 100 жаңа ІТ-компания құрылады
Қазақстан • Бүгін, 12:02
Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағы үшін таласпайтын болды
Спорт • Бүгін, 12:00
Үкіметтің биылғы басты мақсаты – экономика өсімін 3 пайыз деңгейінде ұстап тұру
Қазақстан • Бүгін, 11:57
Қазақстандықтардың өмір сүру жасы 73,3 жасқа ұзарады
Қоғам • Бүгін, 11:57
Президент вакцинация мәселесіне қатысты тапсырма берді
Президент • Бүгін, 11:56
ЖОО сапасын арттыру үшін 20 академиялық орталық құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:54
2021 жылы әлемдік экономика 5,2%-ға дейін қалпына келуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 11:49
Алматыда автобус қаққан әйел оқиға орнында мерт болды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Антикорда мониторингтік топтың жылдық қорытындысы шығарылды
Қазақстан • Бүгін, 11:46
Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматқа көшіріледі
Білім • Бүгін, 11:44
Алексей Цой дәрі тапшылығына байланысты сұраққа жауап берді
Үкімет • Бүгін, 11:40
Бюджет саласындағы 1 млн-нан астам қызметкердің жалақысы өседі
Үкімет • Бүгін, 11:36
2021 жылы теңге бағамын тұрақтындыру бойынша жұмыстар жалғасады – Ерболат Досаев
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Ұлттық банктің активтері жоғары деңгейде қамтамасыз етілді
Үкімет • Бүгін, 11:32
Халыққа тегін вакцинация жасау қамтамасыз етіледі
Үкімет • Бүгін, 11:28
Үкімет басшысы 2021 жылда дамыту тиіс 7 басты бағытты атады
Президент • Бүгін, 11:18
Қызылордада 10 жасар баланың өліміне қатысты істі арнайы комиссия тексереді
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Қазақстан тұрғын үй құрылысы бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында
Қазақстан • Бүгін, 10:55
Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
Президент • Бүгін, 10:54
Қазақстанда алғаш рет Климат сағаты пайда болды
Қазақстан • Бүгін, 10:47
Спорт • Бүгін, 10:47
Даңқты Уэйн Гретцки 60 жасқа толды
Хоккей • Бүгін, 10:45
Коронавирус уақыты соңғы 100 жылдықтағы ең ауыр дағдарыс - БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:43
Бүгін Валентин Йордановтың туған күні
Күрес • Бүгін, 10:35
Қызылорда облысында «қызметкерімен төбелескен» аудан әкімі туралы нақты ақпарат айтылды
Аймақтар • Бүгін, 10:30
Атырауда І топтағы мүгедек дипломын 13 жылдан соң алды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймақта тұр
Коронавирус • Бүгін, 10:21
Бағдат Мусин қауіпсіздік саласындағы цифрлық жобалармен танысты
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Автокөлікті мобильді қосымша арқылы онлайн тіркеуге болады
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Барлық COVID-19 қарсы вакцинаның құрамы бірдей ме?
Қоғам • Бүгін, 10:15
Алматыда аралас жекпе-жектен екі турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 10:08
Шаңғыдан әлем чемпионаты көрерменсіз өтеді
Қысқы спорт • Бүгін, 09:57
Ұқсас жаңалықтар