"Амбулатория елді мекендегі 7,5 мың адамға қызмет етеді. Мұндағы дәрігерлер бір ауысымның өзінде шақырту бойынша 30-дан астам мекенжайға барып, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Биыл амбулаториядағы мамандар қатары жаңа кадрлармен толықты. Оның бірі – жаңа оқу бітірген жас маман, екіншісі – Жамбыл облысынан көшіп келген тәжірибелі дәрігер. Амбулатория бір ауысымда 35 науқасты қабылдайды, 15 төсек-орын бар", - деді облыс әкімінің орынбасары.
Тобыл дәрігерлік амбулаториясына биыл "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында 191 млн теңге қаржы бөлініп, емдеу мекемесі ғимаратының шатыры, қасбеті, ішкі бөлмелері толық жаңартылып, жаңа жиһаздар мен зертханалық жабдықтар сатып алынды.