Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев "Нұрсұлтан Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер" тақырыбына арналған халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі рөлі мен халықаралық бастамалары жайында сөз болды. Жиынға еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлерімен бірге әлемдік деңгейдегі белгілі саясаткерлер де қатысты.
Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет қалыптастыру ісіндегі маңызды шешімдеріне назар аударды. Сондай-ақ, Сенат Төрағасы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдегі ішкі ахуалдың күрделі болғанын, Елбасы сол тығырықтан шығар жолды тауып қана қоймай, өзіне жүктелген тарихи миссияны артығымен орындағанын атап өтті.
«Елбасы тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрып, егемендіктің ең басты тұғырларын тас-түйін бекітіп берді. Ең алдымен, шекарадай күрделі мәселе кемеңгерлікпен шешіліп, халықаралық құжаттармен біржола шегенделді. Шекара мәселесі түпкілікті шешілмесе мемлекеттің тәуелсіздігі баянсыз, болашағы бұлыңғыр болады. Оны бүгінде бәріміз көріп отырмыз. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы бұл істе дау-дамайға емес, салиқалы дипломатияға арқа сүйеді», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар Сенат Төрағасы Елбасының мемлекеттік басқару институттарын қалыптастыру жолындағы ерік-жігеріне тоқталды.
«Ел дамуына тың серпін берген ата заңымыз – Конституциямыз қабылданды. Соған сәйкес, билік тармақтары қалыптасып, қос палаталы кәсіби Парламент, Үкімет, тәуелсіз сот жүйесі құрылды. Жергілікті әкімдіктердің жұмысы жолға қойылды. Сол арқылы мемлекеттік басқару институттары жүйеленіп, әрқайсысының мақсат-міндеттері нақтыланды», – деген Сенат Төрағасы Тұңғыш Президентіміздің қажыр-қайратының арқасында Қарулы Күштеріміз құрылғанын, экономика саласында кешенді реформалар іске асырылып, аса маңызды және тарихи шешімдер қабылданғанын айтты.
Елбасының кемеңгер шешімдерінің бірі астананы Арқа төсіне көшіру екені сөзсіз. Сол кездегі экономикалық қиындықтарға қарамастан қабылданған бұл шешім нағыз стратегиялық қадам болды. Мәулен Әшімбаев бұл батыл шешімді тәуелсіздіктің бір тұғыры деп атады.
«Нұрсұлтан Назарбаев астананы көшіру арқылы Қазақтың жаңа замандағы ұлы көшін бастап берді. Расымен, елорданың өсіп-өркендеуі тұтас Қазақстанның дамуына даңғыл жол ашты. Отанымыздың абыройын асқақтатып, беделін өсірді, бүкіл қазақстандықтарды жаңа мақсат-мұраттарға жетеледі. Бүгінде елордамыз еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі, мемлекеттік дамудың нағыз темірқазығына айналды», – деді Сенат Төрағасы.
Сондай-ақ, ол Елбасының Түркістан облысын құрып, Түркістан шаһарына жаңа мәртебе беру туралы шешімінің маңызы зор екенін айтты.
«Тарихты тарлан тұлғалар жасайды» деген сөз бар. Шын мәнінде, Елбасының елдік мүдде жолында қабылдаған әр шешімі ұлт тарихының жаңа тарауы болып жазылады. Солардың ішінде Түркістанға қатысты шешімнің орны бөлек. Түркістанды түлету – өткеннен өнеге ала отырып, кемел келешекке ұмтылудың озық үлгісі», – дей келе Мәулен Әшімбаев осы жолдағы «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларының да айрықша мәнге ие екенін сөз етті.
«Тарихтан тағылым алу кейін шегіну емес, ол – ұлттық кодты сақтаудың жарқын көрінісі. Расында, ұлттық кодсыз мемлекет болмайды. Сол себепті, бұл салада Елбасы ұлттық тұтастықтың кепілі ретінде батыл шешімдер қабылдаудан қаймыққан жоқ», – деді Сенат Төрағасы.
Мәулен Әшімбаев Нұрсұлтан Әбішұлының жасампаздық пен жаңашылдықты тоғыстарған осындай стратегиялық қадамдарын еліміздің сыртқы саясатынан да байқауға болатынын айтты. Бұл ретте Сенат Төрағасы Елбасының халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы игі бастамаларына тоқталып өтті. Оның айтуынша, Тұңғыш Президентіміз сыртқы саясатта білекке емес, білімге, ақыл-парасатқа, диалог пен өзара сенімге табан тірей отырып, батыл шешімдер қабылдады. Өркениетаралық және дінаралық келісімді нығайту арқылы Қазақстан жаһандық қауіпсіздікке өз үлесін қосты.
Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев Елбасының Еуразиялық интеграцияны дамытуға қатысты жаңашыл қадамдарына тоқталды. Сенат Төрағасының сөзіне сүйенсек, Тұңғыш Президентіміздің әлемдік ынтымақтастықты сақтау жолындағы тың бастамалары өміршен және олар ХХІ ғасырда жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің берік негізі ретінде қызмет ете береді.
Халықаралық конференцияға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының (АӨСШК) Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесі Төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова, Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері Ермұхамет Ертісбаев қатысты. Сондай-ақ, іс-шара барысында бірқатар шетелдік қатысушылардың бейнебаяндамалары тыңдалды. Олардың қатарында Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы бас хатшысы, Жаһандық Жасыл өсім институтының қазіргі президенті Пан Ги Мун, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) бірінші президенті Жак Аттали, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр, Түркияның бұрынғы президенті Абдолла Гүл, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Станислав Зась бар.
Құрылыс саласындағы инновациялар
Қоғам • Бүгін, 07:49
Ұлттық банктің болжамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 07:47
Ұлттың жаңа болмысын қалай қалыптастырамыз?
Қоғам • Бүгін, 07:32
Басты мақсат – Қазақстанды қуатты елге айналдыру
Саясат • Бүгін, 07:23
Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынды
Үкімет • Бүгін, 07:20
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 07:15
Қаперге алмаған қатерге ұрынады
Қаржы • Бүгін, 07:10
Қарағандыда үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Аймақтар • Кеше
Полицейлер аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Қазақстан • Кеше
Қостанайда 5-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жедел жәрдем көліктері жаңарды
Аймақтар • Кеше
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті
Қазақстан • Кеше
G7 саммиті маусым айында өтеді
Әлем • Кеше
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Кеше
Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Кеше
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
UBS стратегтері крипто-инвесторларға барлық ақшаларын жоғалту қаупі туралы ескертеді
Экономика • 16 Қаңтар, 2021
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Министрлік қызанақтардан вирус табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар