Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай облыс әкімдігінде салтанатты жиын өтті. Облыс әкімі Амандық Баталов жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, марапаттау рәсімін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс басшысы А. Баталов өз сөзінде алдымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың даралық қасиеті, көрегендік және көшбасшылық ерек қабілеті туралы айтты. Елбасының дара жолы, өмірлік ұстанымы мен теңдессіз тәжірибесі әрбір адам үшін үлгі бола алатынын да атап өтті.
- Мен Тұңғыш Президентіміздің өзім тәнті болған ерекше үш қасиетін жастарға үнемі айтып жүремін. Елбасы - мықты стратег, ол кез келген мәселеге кең ауқымда, кеңістік көкжиегінен қарай алады. Және кез келген тақырыпқа тереңнен үңіледі, мәселені жан-жақты зерттеп барып, шешім қабылдайды. Және үшіншісі, алысты көре алатын, келешекті болжай білетін көрегендік қасиетке ие. Біздің жастар Елбасымыздың осындай ерек қырларынан үлгі алса, елжандылық, көшбасшылық, даралық сипаттарын бойына сіңірсе деймін, - дей келе облыс басшысы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын да күрделі кезеңдерді еске алды. Сол жылдардағы Елбасының батыл шешімдері, жедел қолға алған реформалары, халықпен кездесіп, тілдескен сәттері - бәрі-бәрі әңгімеге тиек болды.
Облыс басшысы өз сөзінде Н.Назарбаевтың ел экономикасын аяғынан нық тұрғызуы, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған көптеген мемлекеттік бағдарламалар түзіп, оларды кезең-кезеңімен іске асыруы, жаңа астананы салуы, Қазақстанды сыртқы саясатта беделді мемлекетке айналдыруы, көрші елдермен достық қарым-қатынас орнатуы – осының бәрін ұзақ жылдарға жасалған үлкен стратегиялық жоспардың жемісі екенін алға тартты.
- Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда қандай қиыншылық болғанын көпшілігіңіз жақсы білесіздер. Сол кездерде мен Алматы қаласындағы Жетісу ауданына басшылық еттім. Ауданға қарасты 57 кәсіпоры бар еді, соның түгелге дерлігі тоқтап, елге зейетақы, жалақы берудің өзі қиындап кеткен болатын. Сол кезеңдерде Елбасы түрлі сала мамандарымен, қарапайым халықпен кездесіп, сәл шыдамдылық танытсақ, береке-бірлікте болсақ, бұл қиындықты да еңсеретінімізді айтып, әр жүрекке үміт беріп еді. Расында да сол жемісті жылдарға ұшан-теңіз еңбектің арқасында қол жеткіздік. Бүгінгі күні іргеміз берік, шекарамыз анық, халқымыз бейбіт өмірдің арқасында берекелі тірлік кешіп келеді. Тыныштық – тұрақтылықтың кепілі болып отыр., - деді А.Баталов.
Мұнан соң облыс басшысы елімізбен қатар Алматы облысының да өсіп-өркендеп келе жатқанын тілге тиек етті. Жетісу жері Елбасының туған жері екенін облыс тұрғындары мақтан тұтады. Сол мәртебе лайық еңбек етіп, жетістіктерге жетуге әрбір жетісулық үлес қосып келеді.
- Сарыарқа төріндегі жаңа астананың бас сәулетшісі болған Елбасының Алматы облысының орталығын Талдықорғанға көшіру туралы Жарлық шығаруы да ерекше тарихи шешім болды. Қазір де Тұңғыш Президент елдік мақсат-мүддеге бағытталған істерде бізге жол көрсетіп, әрдайым қолдау танытып келеді. Сол себепті де биылғы жыл коронавирус індетінің таралуына байланысты қиындықтарға толы болғанына қарамастан, облыс жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтағалы отыр. Қазіргі кезде өңір экономикасына 700 млрд. теңгедей инвестиция тартылды. Жыл соңына қарай ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 1 трлн. теңгеден асады. Соның нәтижесінде халықтың әл-ауқаты артып келеді. Бұл – Елбасының және Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең басты тапсырмалары, - деп атап өтті А. Баталов.
Жиынға қатысқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Туған тел» татар этномәдени орталығының төрайымы Руфина Усанова және «Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұрлан Рахметқазынов та Елбасы күніне орай құттықтау тілектерін жеткізіп, жиналғандарға ықыластарын білдірді. Елбасының салған сара жолын, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының алға қойған міндеттері мен мақсаттарын орындауда бұдан былай да үлес қосатындықтарын жеткізді.
Салтанатты шарада облыстың бірқатар азаматтары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды.
Бақытжан Сағынтаев депутаттармен бірге мегаполистің инфрақұрылымдық даму жоспарын талқылады
Аймақтар • Бүгін, 19:13
Қазақстан күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығын енгізуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 18:19
Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Аймақтар • Бүгін, 18:01
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 17:37
AКРA: Қазақстанның ұлттық қарызы ІЖӨ-нің 26,6% -на жетуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 17:08
Биыл елордада 400-ден астам отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерге көшті
Қоғам • Бүгін, 16:51
Асхат Аймағамбетов білім саласының өкілдерімен кездесті
Білім • Бүгін, 14:38
Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын онлайн-форматта қабылдады
Елорда • Бүгін, 14:21
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • Бүгін, 13:52
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Бүгін, 13:38
«Shymkent Chemical Company» кәсіпорнының құрылысы аяқталуға таяды
Аймақтар • Бүгін, 13:22
Өңірлердегі мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізіледі
Қоғам • Бүгін, 12:25
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Бүгін, 12:07
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 11:44
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 11:31
Отбасы банкінде тұрғын үйді сатуға бес жылға шектеу қойылғандығы түсіндірілді
Қоғам • Бүгін, 10:52
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:24
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:44
Кардиология институтында бауырды тексеретін бірегей УДЗ аппараты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 09:02
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • Кеше
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • Кеше
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • Кеше
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • Кеше
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды
Аймақтар • Кеше
Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар