Белгілі болғандай 24 қараша күні ҚР азаматы Т. өзінің достары ҚР азаматтары, Ақтөбе қаласының тұрғындарын аң аулауға шақырған. Аталған адамдар тобы 3 автокөлікпен 6 дана елікті атқан. Көлікті тексеру кезінде елік ұшасы мен 8 қару табылған.
Ұсталғандар іс жүргізу шараларын қабылдау үшін Әйтеке би аудандық полиция бөлімшесіне тапсырылды.
Айта кетейік, Қазақстанда 18-20 мың елік бар, оларды аулау тек лицензия бойынша жүргізіледі. Аналықтар әдетте 9 айда өте әдемі, терісінде дақтары бар екі текшені өмірге әкеледі. Олардың өмір сүру ұзақтығы 12 жыл.