Кездесу барысында қызметтік жұмысты жетілдіру және сержанттардың жалпы мәдениетін арттыру, жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және командирлерге құрметпен қарау, сондай-ақ лауазымда жоғарылату үшін кандидаттарды қарау сияқты мәселелер қаралды.
Отырыс барысында жауынгерлік даярлық сапасын арттыру, әскери тәртіпті нығайту және әскерлер қызметін ұйымдастыру, офицерлерге жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеуде жан-жақты көмек көрсету тақырыбы қозғалды.
3-сыныпты сержант Асхат Исаев пен аға сержант Орынбасар Көшербаевты жауынгерлік даярлық пәндері бойынша және жеке құрамды оқытуда қол жеткізген табыстары үшін ашық және жолдастық сын жағдайында кеңестің барлық қатысып отырған мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы бірауыздық шешімімен «батальон сержанты» жоғары тұрған лауазымдарына ұсынылды.
Айта кету керек, сержанттар кеңесінің шешімі ұсынымдық сипатта болады және әскери бөлім командирінің, сондай-ақ жоғары тұрған Кеңес төрағасының шешіміне шығарылады.