Білім • 30 Қараша, 2020

Атырауда Нұрлан Балғымбаев атындағы стипендия берілді

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің бес студентіне белгілі мемлекет қайраткері, мұнайшы Нұрлан Балғымбаев атындағы стипендия берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Нұрлан Балғымбаев атындағы стипендия берілді

Нұрлан Өтепұлының есімі алдымен мұнай-газ өнеркәсібі саласында кеңінен танылды. Кейін салалық министрлікті, «ҚазМұнайГаз» компанияясын басқарды. Премьер-Министр лауазымын атқарып, елдің өркендеуіне еңбек сіңірді. Әсіресе отандық экономиканың еңсе тіктеуіне, қуатты реформаларды іске асыруға, инвесторлармен табысты серіктестік құруға елеулі үлес қосты.

«Біздің университет белсенді студенттерді қолдауға айырықша мән беріп келеді. Биыл оқу орнының алғашқы ректоры Төлеуіш Серіков атындағы шәкіртақыға үш студент ие болды. Үш студент еліміздің алғашқы мұнай министрі лауазымын атқарған мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Шырдабаев атындағы шәкіртақыны алды. Ал белгілі мұнайшы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Мұнай өнеркәсібі министрі болған Нұрлан Балғымбаев атындағы стипендияға бес студент лайық деп танылды» дейді ректор Гүлзада Шакуликова.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше