Иранда ядролық физика саласының маманы Мохсен Фахризадеге қастандық жасалды. Елдің қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Абсард қаласының маңында ғалым мінген көлікке белгісіз біреулер оқ жаудырған. Қақтығыс салдарынан жарақат алған ғалым ауруханада көз жұмды. Бұл оқиға Таяу Шығыстағы күрделі ахуалды одан сайын ширықтырып жіберді.

Түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа сүйенсек, ғалым мінген көлікке біреулер қапыда шабуыл жасаған. Сол арада М.Фахризаденің қорғаушылары мен лаңкестер арасында атыс болып, ғалым жарақат алған. Ғалымды ауруханаға дер кезінде жеткізгеніне қарамастан, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Әзірге қастандықты кімнің ұйымдастырғаны белгісіз.
«Бүгін лаңкестер қорғаныс министрлігі жанындағы зерттеу және инновация орталығының басшысы Мохсен Фахризадеге шабуыл жасады. Өкінішке қарай, дәрігерлер оны құтқара алмады, бірнеше минут бұрын ол қайтыс болды» делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Жалпы, М.Фахризаденің өмірі құпияға толы. Ол туралы ақпарат жоқтың қасы. Батыстың барлаушылары оны Ирандағы ядролық қаруды жасау бағдарламасының басты жетекшісі деп есептейді. Бірақ Тегеран билігі мұның бәрін жоққа шығарады.
Иран ядролық қаруды игеруге талпынып жатқаны туралы әңгіме шыққанда Фахризаденің есімі де қоса айтылып қалған-ды. Ел билігі оған қатысты мәліметті құпия ұстауға тырысқанымен, БҰҰ-ның кей сарапшылары оны Тегеран билігінің атом бомбасын жасауына зор үлес қосқан ғалым ретінде санайды.
Фахризаденің құпиясы көп екені мынадан-ақ аңғарылады. Ол ешқашан қоғамдық орындарға барып, телеарналардан көрінген емес. Тіпті көпшілік оның түрін де танымайды. Әйтсе де, 2015 жылы МАГАТЭ-нің Иран билігінің уранды игеруге қатысты зерттеуінде оның есімі кезігіп қалады. Ұйымның пайымдауынша, ол AMAD жоспары деп аталатын бағдарламада лауазымды қызмет атқарған.
Иран тарапы Фахризаде деген адамның қорғаныс саласында жұмыс істейтінін бірнеше жыл бұрын ғана мойындаған болатын. Дегенмен, оның қандай да бір ядролық бағдарламаға қатысы жоқ деп мәлімдеді. Енді, ғалым қаза тапқаннан кейін Иранның қорғаныс министрлігі оны ведомствоға қарасты Зерттеу және инновация ұйымының басшысы қызметін атқарды деп хабарлады.
Ғалымға қастандық жасалған оқиғадан кейін Иранның көсемі Али Хусейни Хаменей елдің алдағы бірінші міндеті өлтіруге тапсырма бергендер мен оны орындағандардан кек алуға арналатынын мәлімдеді.
Ел президенті Хасан Рухани бұл қастандықты жасағандар тиісті жауап беретінін айтса да, ғалымды өлтіру арқылы Иранды орға жығуды көздейтіндердің әрекеті жүзеге аспайтынын мәлімдеді.
«Иранның жаулары мынаны білуі тиіс. Иран халқы мен басшылығы бұл қастандық әрекетті жауапсыз қалдырмайды. Уақыты келгенде олар жауап береді», деді Х.Рухани.
Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф әлеуметтік желіде бұл Израильдің ісі деп мәлімдеді. «Террористер бүгін ирандық танымал ғалымды өлтірді. Израильге нұсқайтын бұл қорқақтық әрекет жасаудың амалы қалмағанын көрсетеді. Иран халықаралық қоғамдастықты, әсіресе Еуропалық одақты екіжүзділікті тоқтатып, бұл террорлық әрекетті айыптауға шақырады», деп жазды Зариф туиттердегі парақшасында.
Ал Еуропалық одақтың баспасөз бөлімі таратқан мәлімдемеге сүйенсек, ұйым Фахризаденің өлімін қылмыстық әрекет деп танып, Еуропалық одақ қолдайтын адам құқығының принциптеріне қарсы келетінін жеткізді. Сонымен қатар тараптарды сабырға шақырып, төзімділік көрсетуге үндеді.
«Мұндай қиын кезеңде бүкіл тараптың сабырға келіп, ешкімнің мүддесіне сай келмейтін қақтығысқа жол бермес үшін төзімділік танытудың маңызы зор», делінген мәлімдемеде.
Қатардың сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдулрахман әл-Тани ирандық әріптесі Джавад Зарифпен телефон арқылы тілдесіп, ғалымды өлтіруді қатаң айыптайтынын жеткізді.
«Мұндай әрекет өңірдегі елдер мен халықаралық қоғамдастық шиеленістің әсерін бәсеңдетіп, келіссөз үстеліне отыруға үндеп жатқан қиын кезеңде отқа май құйғандай әсер етеді», деді ол.
Түркия парламентінің төрағасы Мұстафа Шентоп туиттердегі парақшасында ғалымды өлтіргендерді террористер деп атады. «Иран ғалымына қастандық жасау террорлық әрекет. Оны заңды не заңсыз ұйымдар немесе мемлекет жасаса да, айырмашылығы жоқ. Терроризм әрдайым терроризм, оны жасаған да террорист. Біз бұған қарсымыз», деп жазды М.Шентоп.
Ирандық ғалымның қазаға ұшырауы онсыз да күйіп тұрған Таяу Шығыстағы ахуалды күрделендіре түсті. Өйткені көптеген бұқаралық ақпарат құралдары қастандықты ұйымдастырған Израиль деген әңгіме айта бастады. Кейінгі кезде ресми Тель-Авивтің бірқатар араб елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанын ескерсек, бұл оқиғаға онсыз да ызалы Иранның әбден қитығына тигені айтпаса да түсінікті.
The New York Times газетінің хабарлауынша, АҚШ-тағы беделді қызметкерлердің бірі бұл шабуылдың артында Израиль тұрғанын жеткізген. Сондай-ақ бұл пікірді барлау қызметінің тағы екі қызметкері де қостады. Басылым АҚШ-тың шабуыл туралы қаншалықты хабардар болғаны белгісіз екенін айтады.
Фахризадеге қастандық жасалғаннан кейін оған тапсырыс берген АҚШ болуы мүмкін деген әңгіме шыққан еді. Бұған себеп жетерлік. Естеріңізде болса, жыл басында АҚШ-тың жасаған әуе соққысынан Ирандағы беделді тұлғалардың бірі, генерал Касем Сулеймани қаза тапты. Осы оқиғадан кейін Иран тарапы К.Сулейманидің өлімі үшін кек алатынын мәлімдеген-ді. Сөйтіп Ирактағы АҚШ базаларын баллистикалық зымыранмен атқылады.
CNN арнасының пайымдауынша, ғалымды өлтіру АҚШ-қа қажет емес. Өйткені Иранмен арадағы ядролық қару жөніндегі келісімді бұзған президент Дональд Трамп қаңтарда өкілеттігін тапсырады. Ал жаңа сайланған Джо Байден келісімді қайта қарауға әзір екенін мәлімдеді. Ендеше, АҚШ жатқан жыланның құйрығын баспайтыны түсінікті. Агенттік бүкіл деректер кінәні Израильге нұсқайды деп хабарлады.
Қорыта айтқанда, Мохсен Фахризаденің өлімі Иранды да, әлемді де дүр сілкінтіп өтті. Коронавирус індетінен әбден зардап шеккен Иран үшін бұл оқиға ауыр тигені анық.
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Кеше
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Кеше
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Кеше
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Кеше
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Кеше
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Кеше
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Кеше
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Кеше
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Кеше
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Кеше
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Кеше
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Кеше
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Кеше
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Кеше
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Кеше
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Кеше
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Кеше
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Кеше
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Кеше
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Кеше
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Кеше
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Кеше
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Кеше
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Кеше
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Кеше
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Кеше
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Кеше
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Кеше
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Кеше
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Кеше
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Кеше
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Кеше
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Кеше
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Кеше
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Кеше
Ауа райы • Кеше
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар