Ауа райы • 02 Желтоқсан, 2020

Қазақстанның 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК еліміздің 9 қаласында қолайсыз метеорологиялық ахуал күтілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қостанай, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Өскемен, түнде Көкшетау қалаларында ауа ластануының жағымсыз метеожағдайы қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.