Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында АӨК және жер қатынастарын цифрландыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр баяндама жасады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының фермерлік шаруашылықтарын цифрландыру тәжірибесі туралы агробизнес өкілдері — «Олжа Агро» ЖШС бас директоры Айдарбек Қожаназаров, «Атамекен Агро» АҚ басшысы Александр Фадеев, «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС басшысы Фарид Абитаев баяндады.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды жаңа бағдарламасында АӨК-тегі еңбек өнімділігін 2,5 есе өсіріп, өнім экспортын екі есе ұлғайту міндеті қойылған, оның 70%-ы өңделген болуы керек. Сондай-ақ жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 1,3 есе ұлғайту қажет.
Үкімет басшысы алға қойылған міндеттерге қол жеткізудегі басты құралдардың бірі — еліміздің агроөнеркәсіп кешенін толық цифрландыру екенін атап өтті, ол өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды азайтуға, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. 5 жыл ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 50 млрд теңге 100 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді цифрландыруға инвестицияланады.
Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы цифрландыру жиналатын астық пен мал шаруашылығы өнімін 20%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ал фермерлердің шығыны 15%-дан астамға қысқарады.
Алдағы уақытта цифрландыру есебінен астық жинау жылына 25 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Жер қатынастарын цифрландыру аясында жер телімдері, құрылыстар мен ғимараттар жөніндегі деректерді қамтитын Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын құру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Үкімет Парламентке тиісті заң жобасын енгізді, ол көптеген қызметтерді электрондық форматқа көшіруге, жер телімдерін беру тәртібін жеңілдетуге және жалпы халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға жол ашады.
Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы және цифрлық даму министрліктеріне, сондай-ақ өңірлердің әкімдіктеріне бір ай ішінде АӨК және жер қатынастарын одан әрі цифрландырудың жол картасын әзірлеуді тапсырды.
Премьер-Министр 2021 жылы Жерді ғарыштан мониторингтеу бойынша пилоттық жобаны бүкіл республика бойынша таратуды тапсырды. Цифрлық даму, ауыл шаруашылығы министрліктеріне және әкімдіктерге келесі жылы жер қатынастарын цифрландыру жөніндегі жұмысты аяқтау, жер учаскелерін ресімдеу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және оларға құжаттар беру мерзімін 1 жылдан 20 күнге дейін қысқарту тапсырылды.
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • Кеше
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • Кеше
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • Кеше
Тағайындау • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • Кеше
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • Кеше
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды
Аймақтар • Кеше
Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі конкурс жариялады
Қазақстан • Кеше
Илон Маск 100 миллион долларға конкурс жариялады
Әлем • Кеше
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабағын онлайн оқиды
Аймақтар • Кеше
Елордалықтар «Saqtandyry» жүйесін жаңартып отыруы тиіс
Медицина • Кеше
Маңғыстау облысында арқар атқан азамат ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тұрғын үй нарығын белгісіздік күтіп тұр
Қазақстан • Кеше
Әділет органдарында жемқорлық 67 пайызға азайған
Қоғам • Кеше
Шымкентте еркіндікте жүрген арыстан табылды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда алдағы үш күнде аяз болады
Ауа райы • Кеше
Семейде бозбалалар зейнеткерді өрттен құтқарды
Аймақтар • Кеше
Жол апаты: Балқашта 2 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Желіде Балқаштағы өлі балықтардың видеосы тарады
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар