Қоғам • 02 Желтоқсан, 2020

Сәбиін дәретханаға тастаған азаматша табылды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында жер үйдің дәретханасына сәбиін тастаған азаматша ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сәбиін дәретханаға тастаған азаматша табылды

2020 жылдың 1 желтоқсаны күні Қызылорда қаласында жер үйлердің бірінің ауласындағы дәретхана  ішінен жаңа туған нәресте мәйітінің табылу дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары басталды.

Күдікті азаматша анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды.