"Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы, «ПожМонтажҚұрылыс» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 9 жұмысшысы мен 2 техникасы, «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесурс» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Өрт бес сағатқа созылды. Яғни, таңғы сағат 06:40-та сөндірілді. Оқиға орнында қаза тапқан 1967, 1985 және 1970 жылғы азаматтар. Бүгінде өрттің шығу себептері тексерілуде", - деді Облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев.
Облыстық еңбек саласын бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Жолымбетовтың айтуынша, кен орнында көз жұмған адамдардың еңбек шарты тексеріліп, тиісті құжаттар дайындалады.
"Олардың еңбек шарты сақталады. Яғни, сақтандыру қоры бойынша тиісті төлемдер төленеді. Бұдан бөлек, мемлекет тарапынан отбасына әлеуметтік жәрдемақы берілетін болады", - деді облыстық еңбек саласын бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Жолымбетов.
Өрт қауіпсіздігі сақталмағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Яғни, ҚР қылмыстық кодексінің 292 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Аталған іс бойынша сараптамалар тағайындалды.