Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2020

Арқалықтағы балалар үйінің бас дәрігері 5 жылға сотталды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арқалықтағы мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері үш жыл бойы балаларға арналған азық-түлікті жымқырып келген. Сот мәліметінше, 2016-2019 жылдар аралығында балалар үйінде жыл сайын 15-20 шақты жетімек тәрбиеленген. Бірақ мекемеге 30 балаға арналған азық-түлік жеткізіліп отырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арқалықтағы балалар үйінің бас дәрігері 5 жылға сотталды

"Сотталушы 2016 жылдың қаңтар айынан 2019 жылғы қарашаға дейін  балалар үйінен жалпы сомасы 3 млн теңгеден асатын азық-түлік, сондай-ақ 1 млн теңгенің жанармайын ұрлаған. С.Оразалина сот барысында өз айыбын мойындаған жоқ. Сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәлардың жауаптары арқылы, сондай-ақ қылмыстық іс барысында жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша дәлелденді", - деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.