Коронавирус • 04 Желтоқсан, 2020

Коронавирус жұқтырған 14 мың адам ем қабылдап жатыр

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус жұқтырған 14 000 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 14 мың адам ем қабылдап жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 000 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 560 науқас жатыр.  10 440 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 229 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 34 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 29 науқас өкпені  жасанды желдету аппаратында жатыр.