Қоғам • 04 Желтоқсан, 2020

Бір тәулікте Қазақстанға шетелден 1600-ге жуық адам ұшып келді

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше ел  аумағына Ұлыбритания, Мысыр, БАӘ, Түркия, Грузия және Ресейден 14 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Бір тәулікте Қазақстанға шетелден 1600-ге жуық адам ұшып келді

Аталған комитеттің хабарлауынша барлығы Қазақстанға 1 592 жолаушы ұшып келген. Олардың 1321-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 271 адам келген, олардың барлығы – Қазақстан азаматтары.

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, барлығы 804 жолаушы, анықтамамен – 643, анықтамасыз – 161;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, барлығы 647 жолаушы, анықтамамен – 539; анықтамасыз – 108;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлығы 141 жолаушы, анықтамамен – 139; анықтамасыз – 2.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылған. ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тест тапсырды. Барлық 271 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/bir-taulikte-kazakstanga-6-elden-1600-ge-zhuyk-adam-ushyp-keldi_a3726233