Пандемияға байланысты онлайн форматта өткен Almaty Investment халықаралық форумына еліміздің түрлі сала өкілдері мен әлем елдерінің іскер мамандары қатысып, күн тәртібіндегі экомикалық мәселелерді жан-жақты тарқатты, деп хабарлайды Egemen.kz

Биылғы форум өз алаңында беделді саясаткерлерді, әлемдік және отандық бизнес көшбасшыларын, инвестициялық корпорацияларды, қаржы институттары мен халықаралық ұйымдардың басшыларын қоса алғанда, 500-ге жуық жоғары лауазымды қатысушыларын онлайн жүздестіріп, бір-бірімен ақылдасып алуға мүмкіндік берді. Пандемия мен әлемдік экономикалық дағдарыс қос өкпеден қысып тұрғанда келісіп пішкен тонның келте болмайтыны белгілі. Бағыт-бағдарымызды жан-жағымызбен үйлестіріп алудың зияны жоқ.
Бергі жылдарға дейін әлемдік ІЖӨ-нің 20 пайызын қамтамасыз етіп келген АҚШ пен Еуропадағы алпауыт мемлекеттерде биыл ішкі інім 7 пайызға дейін түсіп кеткен. Жаһанды тығырыққа тіреген індетті еңсерудегі тәжірибелерімен бөліскен сарапшылар келер жылдың соңына дейін әлемдегі жағдай тұрақталатынын ескертті. Онлайн үзіліс кезінде журналистермен кездескен АҚШ Сауда палатасының директоры Дорис Брэдбури экономиканың қалпына келуі келесі жылы 5 пайызға бағаланатынын айтып берді.
– 2021 жылдың соңына дейін жаһандық экономика пандемияға дейінгі, яғни 2019 жылғы деңгейге көтеріледі деп болжануда. Сондай-ақ, вакциналардың тұтас сериясы осы жылдың соңына дейін пайда болмақ. Әлемдік экономиканың түзелуі, Қазақстан тенденциясына да оң әсер етпек, – деді АҚШ Сауда палатасының директоры Дорис Брэдбури.
Фоурмға арнайы шақырылған Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Алматы қалыптасқан білім беру базасының нәтижесінде жаңа технологияларды, ең алдымен ақпараттық технологиялар саласында дамыту мен енгізудің флагманы екенін атап өтті. Министрдің айтуынша, Қазақстан жоғары оқу орындарында жыл сайын дайындалатын 20 мың IT-маманның алғашқы мыңдығына кіретін «алтын ордасы» Алматыда қалыптасады. Бұл кәсіпкерлікке барынша жақын және жоғары білікті мамандар.
– Біз Алматы қаласын ІТ индустриясының дамуының драйвері деп санаймыз, – деді министр.
Алматыдағы бірнеше IT-хабтар мемлекеттің қолдауынсыз ақпаратты технология индустриясында көшбасшылардың алдыңғы шебінде тұрғаны министр Бағдат Мусиннің назарынан бұл жолы да тыс қалмапты. SmartPoint, Kaspi.kz сияқты танымал брендтердің табыстылық формуласы кейінгі толқын үшін тәжірибе мектебіне жарайтыны мойындалды. Бірақ ендігі жерде мемлекет IT индустриясын бақылаусыз немесе қолдаусыз қалдыра алмайды. Бұл салаға мемлекеттің қолдауы мен жастардың идеясы қажет.
– Алматы немесе Нұр-Сұлтандағы емес, барлық аймақтарды қамту қажет. 2020 жылы Қазақстанның үш облысындағы IT орталықтарға қолдау көрсетілді. Қазір Astana Hub-тың тәжірибесін Алматыға немесе керісінше Алматыдағы тәжірибені Astana Hub-қа қолдану мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, – деп атап өтті Бағдат Мусин.
Келер жылдан бастап стартаперлер жобаларды дамыту үшін 10 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде гранттар бөлінетіні де осы жиында белгілі болды. Мемлекет 2025 жылға дейін жаңа жобаларға 500 миллиард теңге жеке инвестицияларды тарту, сонымен қатар әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті сапалы ІТ мамандарды даярлауға шын ниеттеніп отыр. Сондай-ақ Б. Мусин ақпаратты технологиялар туралы сөз болғанда украин немесе Беларуссия тарихы туралы жиі айтатынымызды, соны бағдаршамға алу керек деген көзқарастың қалыптасып қалғанынан да құлағдар екенін айтып өтті. Енді өзге елдердің тәжірибесін қолданып, алға жылжудың мүмкін еместігі белгілі болып қалды.
– Біздің өз ІТ мамандарымыз бар. Біз ақпаратты технологияның соңында жүрген жастарымызбен бірге өз IT тарихымызды жасаймыз, – деп атап өтті министр.
Сондай-ақ министр E-gov-ті дамытуға тек мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен қатар жеке сектор - IT кәсіпкерлері немесе ЕДБ қатысуы тиіс екенін де ескертіп өтті. Мысалы, осыдан 5 жыл бүрын айыппұлдарды электронды түрде төлеу барлық жерде бірдей қол жетімді емес еді. Қазір мұны смартфондардың көмегімен төлеуге болатынын бәріміз білеміз.
– Біз электронды үкіметтің барлық бағытта дамығанын қалаймыз. Тек банктерді ғана емес, сонымен бірге барлық жеке IT компанияларды ынтымақтастыққа шақырамыз, – деп, сөзін бір қайырған министр Мусин аймақтық өнеркәсіптік ІТ-хабтар құрудың кезі келгеніне тоқталып өтті.
– AgriTech Қостанай облысында құрылады. Себебі аймақ дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығын дамытуға сүйенеді. Сондай-ақ Алматыда да барлық салаларды дамытатын жаңа хаб құрылады. Алматының ІТ-индустрияның орталығы атануға толық мүмкіндігі бар. Біз барлық жеке компанияларды ынтымақтастыққа шақырамыз. Біз Алматының IT-индустриямыз үшін дұрыс стартаптарды дүниеге әкелетініне сенеміз. Осы индустриясының іліп алып кетуге дайын тұрған идеялары Алматыда шоғырланған, – деді Бағдат Мусин.
Алматы елдің ІЖӨ-нің 20%-дан астамын құрайды. Халықаралық компаниялардың да осы қалаға деген көзқарасы оң. Соңғы 10 жылда қаланың негізгі капиталына инвестициялар көлемі $25 млрд құраған. Сондай-ақ, қалада ел банктерінің кредиттік портфелінің 60%-ы шоғырланған. Форум жұмысына қатысқан Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаһандық экономика 2021 жылдың соңына дейін 5 пайызға ғана қалпына келетінін айтып өтті. Сондай-ақ, биыл пандемияға қарамастан Алматыда негізгі капиталға салынған инвестициялар шамамен 17 пайызға өскен. 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында өсім байқалды. Ағымдағы кезеңде қала әкімшілігі ағымдағы жағдайдан шығу және одан әрі даму үшін 3 негізгі бағытты – азаматтардың және олардың отбасыларының өмірі мен денсаулығын қорғау, дағдарысқа қарсы шаралар және пандемиядан кейінгі даму жоспары түзіліпті.
"СOVID-19-пен күресуге 89,4 миллиард теңге бөлінді. CVI диагностикалық зертханаларының қуаты (ПТР сынақтарын жүргізетін) тәулігіне 14 мың зерттеуге жеткізілді. Қажет болса, сыйымдылық қорын 25 мың сынаққа дейін арттыруға болады. Қалада орташа есеппен 3-4 мың сынақ өткізіліп жатыр", деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Осылай, шаһар іскерлері мен әлемдік мамандардың басын қосқан Almaty Investment халықаралық форумында экономиканың дамуына қажетті басымдықтар талқыланды. Алдағы уақытта тиімді ұсыныстар мақұлданса, шетелдік инвесторлар қаржыландырған жобалар жүзеге асатын болады. Алдағы 5 жылда қала 1900 төсектік 3 аурухананың, сондай-ақ қолданыстағы ауруханаларға 3 қосымшаның, жаңа хоспис пен жедел жәрдем станциясының құрылысын жоспарлап отыр.
Ауруханаларды салуға арналған орындар анықталып, жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Қаланың шалғай аудандарында халыққа медициналық көмек пен сапалы қызмет көрсетуді жедел көрсету үшін 2020 жылы 11 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, өткен жылы 5 қондырғы салынды, 2021 жылы тағы да осы типтегі 11 жаңа медициналық мекемені ашу жоспарлануда.
Сондай-ақ Алматы әкімі Алматының индустриалды аймағын дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін, тек қаланың ғана емес, бүкіл республиканың экономикасына әсер ететін жаңа кәсіпорындар құрылып жатақанын да айтып өтті. "Алатау" технологиялық паркте 6 мың жұмыс орнын құруға 400 миллиард теңге инвестиция бөлінді. Мұнда медициналық кластерді дамытуға, фармацевтика, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтар өндірісіне ерекше көңіл бөлінеді. Viva Pharm және Dolce Pharm қазірдің өзінде "Алатауда" жұмыс істеп жатыр. 9,5 мың студентке арналған Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне арналған жаңа кампустың құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Форум жұмысына қатысқан Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова пандемияның банк секторы IT индустриясымен интеграциялануын ғарыштыық жылдамдықпен жеделдеткенін, мемлекетпен, Ұлттық банк байланысуды қалыпастырғанын айтып өтті.
Пандемия кезінде несие портфелінің 16% кейінге қалдырылыпты. Олардың жартысы үш айдан кейін мерзімін ұзартуды сұрапты. Себебі халықтың төлем қабілеті төмендеп кетті. Жалақы қысқартылып, адамдар ақысыз демалысқа кетті. Бұл жағдай несиелік портфельдің сапасына әсер етпеуі мүмкін емес. 10 ай ішінде жалпы банк секторындағы проблемалық несиелер 3% өсіп кеткен.
Үміт Шаяхметова локадуннан зардап шеккен ШОБ үшін жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасының (6% мөлшерлемемен) маңыздылығын, пандемиялық дағдарыстың тек экономикамен ғана байланысты емес екенін айтып өтті.
Әлемдік экономиканың ендігі беталысы адам факторына тәуелді екенін алға тартқан Ү. Шаяхметова қызметкерлер мен клиенттердің қауіпсіздігі туралы шындап ойлану керектігін, дағдарыс қалыптасып қалған банктік процесттердің технологиялық тізбегін бұзып жібергенін де айтып өтті. Несиелерді қайтару және қаражат мәселесі де кедергілермен бет-бет қалды.
– Біз жақын арада банкроттықтың да, куәсі, сонымен бір мезгілде ақпараттық технологиялардың өсуінің де куәсі боламыз. ІЖӨ-нің құлдырауы шамамен 2,5% құрайды. Еуропаның көптеген елдерінде және Америкада олар бұдан да жаман сандарды келтіреді. Әлемдік экономика шамамен 7% төмендеді. Сондықтан мен кез-келген дағдарыс бізді күшейтеді деп айта аламын, – деп сөзін түйіндеді Halyk Bank басшысы.
Дубайдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 12:16
Қуат Хамитов интернетке қосыла алмағандықтан сот отырысы кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 12:07
21 қаңтарда Сенаттың кезекті отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 12:06
Өмірзақ Шөкеев Түркістанда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады
Аймақтар • Бүгін, 12:03
Аягөзде 5 қабатты 60 пәтерлі екі тұрғын үй бастау алады
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Мағзұм Мырзағалиев қарағандылықтарға жаңа Экологиялық кодексті таныстырды
Аймақтар • Бүгін, 11:55
Атырауда сотталған азамат еріктілер қатарына қосылды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Тайланд тұрғыны монархияны сынағаны үшін 43 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 11:46
Глубокое ауданы ауызсумен қамтамасыз етіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Балаларды вакцинациялауға қатысты жалған ақпарат тарады
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Алматылықтар 80 миллион теңге шамасындағы қарыздарын төлемейтін болды
Аймақтар • Бүгін, 11:29
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір аптада 54 адам көз жұмды
Қазақстан • Бүгін, 11:25
Дональд Трамп жаңа партия құрғысы келе ме?
Әлем • Бүгін, 11:22
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған алматылық 4 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:16
Қоғам • Бүгін, 11:08
Қоғам • Бүгін, 11:07
Қазақстанда 2021 жылғы ҰБТ сынағы басталды
Қазақстан • Бүгін, 11:06
Шаңғы спорты түрлерінен биылғы әлем чемпионаты көрерменсіз өтеді
Спорт • Бүгін, 11:04
Әлімғазы Райымбековті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті
Руханият • Бүгін, 10:55
Мажарстанда тегін оқу стипендиясын қалай алуға болады
Білім • Бүгін, 10:45
Түрмедегі азаматтан есірткі табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:42
Ауыл шаруашылығы министрі швейцариялық компания өкілдерімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Қазақстанның 6 облысы «қызыл» аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:25
Түзеу мекемесіне жолданған шұжықтан 24 SIM-карта табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:18
Джо Байден АҚШ президенті міндетіне кірісу үшін Вашингтонға келді
Әлем • Бүгін, 10:09
Қазақстанда 25 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Димаш Құдайбергеннің «DIMASH DIGITAL SHOW» концерті көрсетіледі
Қазақстан • Бүгін, 10:04
Балқашта ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:57
Батыс Қазақстан: қызыл аймаққа – бір қадам
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Атырау тұрғындары Экология министріне «Табиғат» қорын құруды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 09:34
Алматыда ҰБТ басталды: Эпидемиялық талап басты назарда
Білім • Бүгін, 09:30
Коронавирус: Тараз «сары аймаққа» енді
Коронавирус • Бүгін, 09:30
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері талқыланды
Қоғам • Бүгін, 09:15
Пневмонияның 118 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:09
Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 жарым мыңнан астам пәтер үлестіріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Су добынан әйелдер командасы жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 09:06
Коронавирустан бір күнде 948 адам жазылып шықты
Қазақстан • Бүгін, 09:05
Қазақстанда өткен тәулікте 1134 адам коронавирус жұқтырған
Қазақстан • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:49
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Оқиға • Бүгін, 08:45
Жетісуда індет жұқтырғандар көбейді
Қоғам • Бүгін, 08:43
Электронды қызмет көрсетуге көшті
Аймақтар • Бүгін, 08:41
Экономика • Бүгін, 08:40
Үздіктер тізімінде кімдер бар?
Спорт • Бүгін, 08:30
Спорт • Бүгін, 08:29
Он үш жасар оғлан ересектер арасында ел чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Руханият • Бүгін, 08:23
Руханият • Бүгін, 08:21
Өнер • Бүгін, 08:18
Оқиға • Бүгін, 08:11
Руханият • Бүгін, 08:07
Цифрлы келешек және ұлттық құндылықтар
Технология • Бүгін, 08:06
Қоғам • Бүгін, 08:03
Жарна төлеу қалай жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 08:02
Қоғам • Бүгін, 08:01
Қоғам • Бүгін, 07:59
Қазақы атаулар жаңа жылда арта түседі
Руханият • Бүгін, 07:58
Ұлықтайтын адамдарды ұмытпайық
Руханият • Бүгін, 07:56
Білім • Бүгін, 07:53
Балабақшаға екі жастан барса...
Білім • Бүгін, 07:52
Саясат • Бүгін, 07:47
Табыс салығын есептеу мәнісін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 07:45
Қайта өңделген алюминийге мұқтаж
Экономика • Бүгін, 07:43
Ескі техникадан құтылудың жолы
Экономика • Бүгін, 07:42
Қаржы • Бүгін, 07:41
Шетелден жұқтырып келушілер де бар
Аймақтар • Бүгін, 07:38
Адамға алғыс айта алмаған, Аллаға да шүкіршілік ете алмайды
Руханият • Бүгін, 07:35
Ұқсас жаңалықтар