Компания органикалық өнімдерді өсіру, өңдеу және экспорттау жобаларын жүзеге асыруға маманданған және Стамбұл өнеркәсіптік палатасының ТОП-500 өнеркәсіптік кәсіпорындары көшбасшыларының бірі болып табылады.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы органикалық өнімдерін өндіру саласында әлеуетті ынтымақтастықты жолға қою туралы келіссөздер жүргізілді.
Сондай-ақ, шетелдік қонақтар «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдерімен бірге Федоров ауданына барып, жергілікті әкімшілікпен және органикалық өнім өндірумен айналысатын кәсіпорын басшыларымен кездесті. Одан кейін шетелдік делегация «Успенов» шаруа қожалығына барды.