Спорт • 05 Желтоқсан, 2020

Қостанайда бокс мектебі ашылды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жаңа бокс мектебінің ашылу рәсіміне Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, бокс ардагерлері мен жаттықтырушылар және өңірге белгілі былғары қолғап шеберлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда бокс мектебі ашылды

Бокс залының заманауи спорт құралдарымен жабдықталған жаттығу залы, жарыс алаңы бар.

Аймақ басшысы жаңа нысанның облыс спортшыларын даярлаудағы және  балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудағы маңызын атап өтті.

«Бокстан мамандандырылған залдың ашылуы спортшыларды дайындауға қосымша мүмкіндік береді, мұнда 200-ден астам бала мен жасөспірім жаттығатын болады»,  деді Архимед Мұхамбетов.

Салтанатты жиынға әйелдер арасында бокстан жақында аяқталған ел чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Надежда Рябец, Владислав Кухта және Жанна Серикова сынды былғары қолғап шеберлері де қатысты.

Аймақ басшысы Надежда Рябецке Қостанай қаласынан 2 бөлмелі пәтердің сертификатын ұстатып, қалған спортшыларға ескерткіш сыйлықтар табыс етті. Биыл наурыз айында Надежда Рябец Жапонияда өтетін Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алғанын естеріңізге сала кетейік. Ол Токио төрінде әйелдер боксынан ел намысын қорғайтын болады.

Тағы бір жағымды жаңалық, жақында облыс орталығында шаңғы базасы іске қосылады, ал келесі жылы 2500 орындық Мұз сарайы мен 50 метрлік жүзу бассейні пайдалануға беріледі.