Қоғам • 08 Желтоқсан, 2020

Мысырдан Қостанайға ұшып келген 11 жолаушы госпитальға жатқызылды

843 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қостанай әуежайына Мысырдың Шарм Эль Шейх шахарынан ұшып келген халықаралық ұшақ қонды. Бортта 239 жолаушы, 6 экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды Egemen.kz

Мысырдан Қостанайға ұшып келген 11 жолаушы госпитальға жатқызылды

Қалалық санэпидбақылау басқармасы мен санитарлық-карантиндік бекет мамандары халықаралық авиарейстің барлық жолаушыларына термометрия және тест жүргізді. Сондай-ақ, жолаушылардың ПТР-тест анықтамасының бар-жоғы тексерілді.

Нәтижесінде, 11 жолаушының ПТР анықтасы болмай шықты. Жолаушылар зертханалық тексеруден өткізу мақсатында Тобыл қаласының карантиндік госпиталіне орналастырылды.