Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы музейінде «Туған жерім» XV халықаралық бейнелеу өнері байқауының көрмесі өтті. Аталған жоба жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін арттыруға, балалар шығармашылығын насихаттауға бағытталып отыр.

Жиынды ашқан Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов биылғы кезеңнің тек қазақстандықтар үшін ғана емес, күллі әлем халқына оңайға соқпағанын, әйтсе де қалыпты жағдайға бет бұрып келе жатқанын тілге тиек етті.
Байқауды Елбасы кітапханасы, «Байта» қоры, «Құланшы» орталығы және Нұр-Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектеп – ЮНЕСКО клубы бірлесе ұйымдастырды. Қазылар алқасына Қазақстаннан бөлек, Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Өзбекстан, Украина, Әзербайжан және Беларусь елдерінен 400-ге жуық туынды ұсынылды. Жеңімпаздарға диплом мен естелік сыйлық табысталды.
«Өнерлі балақайларға қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді. Біз осы балалардың бір арманын орындадық. Енді олар өз күштеріне сеніп, одан әрі ұштала түсетіндігіне кәміл сенімдімін», деп атап өтті «Байта» қорының жетекшісі Светлана Махат.
Жоба жұмыс істеп келе жатқан 15 жылдан астам уақыт ішінде дәстүрлі кескіндеме, графика, мүсіннен бастап сәндік-қолданбалы өнердің түрлі салаларына дейін жұмыстарды қарастырды. Жас таланттарға олардың Отан туралы түсініктерін, дәстүр сабақтастығын, өз халқының мәдени ерекшелігін көрсететін тақырыптар ұсынылды.
«Туған жерім» байқауының маңыздылығы мен танымалдылығы жайлы 15 жылдық тарихының өзі айтып тұр. Жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп, қарқынды дамып келеді. Жаһандық пандемияға қарамастан, осы көрмені Тұңғыш Президент музейінде өткізу арқылы біз өнерге ешқандай тұсау жоқ екендігіне тағы бір көз жеткізіп отырмыз», деді «Құланшы» заманауи өнер орталығының кураторлық кеңес төрайымы.
Байқау лауреаттарының жұмыстары қалың көрерменге желтоқсан айында ұсынылады. Көрмеге келушілер түрлі елдердің жас суретшілерінің өнер туындыларын көріп, тамашалай алады. Көрме 2021 жылдың 25 қаңтарына дейін жалғасады.
Қазақстан • Кеше
Азық-түлік белдеуінің әлеуеті нығайып келеді
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Экономиканы несиелеу өсе бастады
Экономика • Кеше
Онлайн-петиция: Қоғамның барометріне айнала ала ма?
Қазақстан • Кеше
Газ мәселесінің түйіні тарқатылады
Экономика • Кеше
Консорциум мүмкіндігі тағы төмендеді
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Сапалы интернетпен түгел қамтылу көзделіп отыр
Аймақтар • Кеше
Ата-ана және ұрпақ тәрбиесі: Кінә мен реніш
Қоғам • Кеше
Балалар бәсекелестігіне байыппен қарасақ...
Қоғам • Кеше
Оңалту орталығына оң көзқарас қажет
Медицина • Кеше
Абай • Кеше
Руханият • Кеше
«Қилы заман» қалай түсіріліп жатыр?
Кино • Кеше
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарқынды жүргізілуде
Медицина • Кеше
Есірткі саудасы өршіп, пәтер тонау азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Мұқан және оның туған топырағы
Қазақстан • Кеше
Технология • Кеше
11 елді мекенде мобильді интернет жоқ
Аймақтар • Кеше
Байрақты бәсеке жалауын көтереді
Спорт • Кеше
Өнер • Кеше
Қоғам • Кеше
Полиция Ұзынағаштағы атысқа қатысты пікір білдірді
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Екібастұз қаласының әкімі қызметінен кетті
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда гендерлік көрсеткіш жақсарып келеді
Қазақстан • Кеше
ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті
Үкімет • Кеше
11 жастағы қыз Бадам өзеніне батып кетті
Оқиға • Кеше
Қызылорда облысы прокурорының үш орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет «Зерде» холдингін жабу жөнінде қаулы қабылдады
Үкімет • Кеше
Киберфутболдан Қазақстан құрамасы FIFAe рейтингінде жоғарылады
Қазақстан • Кеше
Елордада Ұлы дала даңғылындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
«Ақбақай» алтын шығару фабрикасының екінші кезеңі іске қосылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар