Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2020

Қостанайда зейнеткерді жауыздықпен өлтіру ісі бойынша күдікті ұсталды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы Рудный қаласында зейнеткерге жауыздықпен өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы аймақ тұрғындарымен онлайн режімде кездескен Қостанай облысы полция департаментінің бастығы Бекет Айтмағамбетов айтты.

Қостанайда зейнеткерді жауыздықпен өлтіру ісі бойынша күдікті ұсталды

Департамент басшысының сөзінше, полицейлер жан шошырлық қылмыстың ізін суытпай ашқан. 

3 желтоқсанда Рудный қаласындағы пәтерде бірігіп спиртті ішімдік ішкен 31 және 68 жастағы екі тұрғын сөзге келіп, оның арты жанжалға ұласады. Жанжал барысында 31 жастағы ер адам зейнеткердің мойнынан пышақ ұрған. Ауыр жарақат салдарынан 68 жастағы жәбірленуші сол жерде жан тапсырған.

Қылмыскер мұнымен тоқтамай, зейнеткердің басын кесіп алып, өзі оқиға орнынан тайып тұрады.  Зейнеткердің  денесін туыстары тауып, полицияға хабарлаған.

«Дереу жедел тергеу тобы құрылып, күдікті іздестіріле бастады. Ең маңыздысы, қылмыскердің із суытып үлгеруіне мүмкіндік бермеу керек. Қызметкерлердің кәсіби шеберлігінің нәтижесінде көп уақыт өтпей күдікті қолға түсті», - деді Бекет Аймағамбетов.  

Патрульдік полиция қызметкерлері сағат 22.00-ден кейін көшеде мас күйінде жүрген ер адамды тексеру барысында оның қолындағы қанды байқап қалып, бірден полиция бөліміне жеткізген.

Күдікті көп сөзге келмей, зейнеткердің жауыздық жасағанын мойындады. Күдікті қамауға алынды, оған қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр.