Оқиға • 14 Желтоқсан, 2020

Жетісулықтармен кездесті

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АDAL партиясының мүшелері Жетісу тұрғындарымен жүздесті. Талдықорған қаласында өткен баспасөз мәслихатында партия мүшелері ұйымның алдағы мақ­сат-жоспарымен бөлісті.

Жетісулықтармен кездесті

Бұ­ған дейін «Бірлік» аталған саяси партияның атауы өзгергені белгілі. Бұл жолы сайлау бюл­летенінде бесінші болып тұр.

Өйткені Жетісу өңірі елі­міздің ауыл шаруашылығы өнер­кәсібін дамытуға қомақты үлес қосып келеді. Кәсіпкерлікті қолдау бо­йынша да игі іс жет­кілікті. Мәселен, облыстағы ша­ғын және орта бизнес мемлекет тарапы­нан көр­сетіл­ген қол­дауға қарымта ретін­де өндірістік та­быс­қа ұмтылуда. Был­тыр осы сала­ның өндірген өнімі 1 миллиард теңгеден астам соманы құ­ра­ған. Ал биылғы бірінші тоқ­сандағы өндіріс көлемі 260,7 миллиард теңгеге жетті. Облыста былтыр агро­өнер­кәсіп кешенін дамытуға 44,8 млрд теңге көлемінде қолдау көр­­­сетілген. Оның ішінде 14 бюд­­­жеттік бағдарлама бойын­ша 43,2 млрд теңге субсидия беріл­ген. Биыл бұл бағытта 42,6 млрд тең­ге қара­жат бөлінді. Алай­да мұның ба­р­­лығы аймақтағы ауыл ш­а­руа­­шылығының мәселесі жоқ де­ген­ді білдірмейді. АDAL пар­­тия­­сының өкілдері агро­өнер­кәсіп кешені мен шағын және орта биз­­нес саласында кездесетін проблемаларды атап, олардың шешу жолдарын айтты.

 

Алматы облысы