Қоғам • 14 Желтоқсан, 2020

Коронавирус адамның өмір сүру ұзақтығына қалай әсер етеді?

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустық инфекцияның ауыр түрін өткерген адамдардың ағзаларында ерте қартаю үрдістері жүруі мүмкін, - деп хабарлайды Egemen.kz

Коронавирус адамның өмір сүру ұзақтығына қалай әсер етеді?

Ресейлік иммунологтардың айтуынша, КВИ адам ағзасында созылмалы аурулардың пайда болуына ықпал етсе, бұл адамдардың өмір сүру ұзақтығы қысқаруы мүмкін.

Коронавирус - бұл тамырлардың жүйелі қабынуы. Тамырлар адам ағзасының барлық бөліктерін қамтитын болғандықтан, дене мүшелерінің көпшілігінде қосымша жүктемелер пайда болады, өз кезегінде жүктемелер індеттің асқынуын тудырады. Бұл дене мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуына, олардың олардың функцияларының төмендеуіне әкеледі. Коронавирус тромбоздың туындауын, жүрекке артық жүктемені болуын, қант диабеті жағдайларының көбеюін тудырады.

Сонымен қатар, дәрігерлер коронавирустың жеңіл түрін өткергендер мен созылмалы ауруларға шалдықпаған адамдарда, індет жоғарыда айтылған асқынулардың болмауы мүмкін екендігін атап өтті.