Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2020

Қостанайда мектепке маскасыз кірген ата-ана айыппұл арқалады

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облыстық білім басқармасының мамандары 3-9 желтоқсан аралығында мониторигтік топпен бірге өңірдегі бірнеше мектептегі індетке қарсы санитарлық талаптың сақталу жағдайын тексерді. Нәтижесінде, Қостанай қаласындағы мекмепке маскасыз кірген ата-анаға әкімшілік айыппұл  салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда мектепке маскасыз кірген ата-ана айыппұл арқалады

«Желтоқсан айының 3-і мен 9-ы аралығында өткен мониторинг барысында Жітіқара қаласында 4 мектеп, облыс орталығында 1 мектеп тексерілді. Тексеру барысында санитарлық тәртіптің сақталмауы Қостанай қаласында ғана анықталып, №5а мектеп-гимназиясына маскасыз кірген ата-анаға 41670 теңге айыппұл салынды. Ал БАҚ таратқан «Қостанай облысында санитарлық нормалардың көптеген бұзылу жағдайы анықталды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды», деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42