Білім • 15 Желтоқсан, 2020

Қостанайда білім байқауының жеңімпаздары анықталды

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда дәстүрлі «Триумф» марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімова халықаралық және республикалық білім жарыстарында жеңімпаз атанған 20 оқушы мен олардың ұстаздарын марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда білім байқауының жеңімпаздары анықталды

Карантинге байланысты рәсімге 5 оқушы және 5 мұғалім  қатысты, қалған лауреаттар өз марапаттарын өздері тұратын аудан басшылығының қолынан алатын болады. 

Шарада ғылым, шығармашылық және спорт саласында жетістікке жеткен дарынды оқушыларға «Триумф» мүсіншелері, Қостанай облысы әкімінің алғыс хаты мен  ноутбуктер табыс етілді.

«Биология бойынша олимпиадаларға қатысу маған болашақ мамандығымды анықтауға көмектесті. Мен дәрігер мамандығын таңдадым, қоғамға пайдамды тигізгім келеді. Қазір Назарбаев Университетіне түсуге дайындалып жатырмын. Өз мектебімнің қабырғасында алған сапалы білім арманымның жүзеге асуына міндетті түрде көмектеседі», дейді «Білім-инновация лицей-интернатының» оқушысы Арман Көшербаев.

Салтанатты рәсімде жеңімпаз шәкірттердің ұстаздарына   да алғыс хаттар мен планшеттер табысталды.

«Триумф» марапаттау рәсімі облыста 2009 жылдан бері жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында бір жарым  мыңнан астам жас ғалымдар, спортшылар, әртістер мен суретшілер «Триумф» лауреаты атанды.