Қоғам • 15 Желтоқсан, 2020

Мереке күндері Нұр-Сұлтанда санитарлық нормалар бойынша рейдтер күшейтіледі

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мереке күндері карантин режимінің бұзылуын анықтау бойынша мобильді топтар жұмысы күшейтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мереке күндері Нұр-Сұлтанда санитарлық нормалар бойынша рейдтер күшейтіледі

14 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына полициядан карантинді бұзған адамдарға қатысты 2271 материал келіп түсті. Жалпы сомасы 229 377 234 теңгені құрайтын 1167 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін бірқатар түнгі клубтар мен мейрамханаларға қатысты бұйрықты орындамағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 7 әкімшілік хаттама жіберілгені хабарланған болатын.

Олар «SOVA» караоке-бары, «Жаным Сол» караоке-бары, «Alanya» түнгі клубы, «Teqila» лаундж-бары, «Echo» бары, «Золото» мейрамханасы. санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілдері соттан олардың қызметін 3 айға дейін тоқтата тұруға өтінім жібереді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көшеде және көпқабатты үйлердің аулаларында, әсіресе ойын-сауық мекемелерінің алаңдарында және басқа да азаматтардың жаппай демалатын орындарында патрульдер ұйымдастырылады. Көшедегі патрульдік бөлімшелердің тығыздығы арттырылды.

Жалпы, бүгінге дейін елордада жалпы сомасы 184 053 445 теңгеге 932 әкімшілік айыппұл төленді.