Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2020

Тәуелсіздік күні 120 талдықорғандық коттедж кілтін алды

162 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Талдықорған қласында 120 коттедж қолданысқа берілді. Қоныс тойын тойлаушылар қатарында көп балалы отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлері бар. Тұрғын үй кілтінің бір парасы дәрігерлерге табыс етілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәуелсіздік күні 120 талдықорғандық коттедж кілтін алды

Облыс орталығымен іргелес бой көтерген коттедж қалашығы қарқынды дамып келе жатқан тұрғын үй кешені қатарында. Соңғы бір жарым жылда бұл маңда екі жүзден астам отбасы өз үйлеріне қоныстанып үлгерген. Ал жыл соңына дейін жалпы ауданы 12,2 мың шаршы метр болатын тағы 133 жеке үй пайдалануға берілмек. Негізінде биыл аумағы 24,8 мың шаршы метр болатын 253 коттедждің құрылысы аяқталуы тиіс. Ал алдағы жылы қосымша 139 коттеджді пайдалануға беру көзделген екен.

- Коттедж қалашығының бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша жалпы ауданы 56,6 мың шаршы метр, құны 8,5 млрд.теңге болатын 620 жеке тұрғын үй құрылысы қарастырылған.  Бүгінгі күнге дейін аумағы 19,5 мың шаршы метрді құрайтын 228 коттеджге бұқара тұрақтанды. Мұнымен өңір халқын баспанамен қамту ісі толастап қалмады. Еліміздің басты мерекесіне орай, ауданы 12,3 мың шаршы метр болатын 120 үй қолданысқа берілді.  Аталған нысанды салуға 887,0 млн.теңге қаржы жұмсалған.  Ел игілігіне берілген бұл үйлер 12 бөлікке бөлінген, әр бөлімде 4 үй жапсарласа салынған. Бұл өңір басшылығының тұрғындарға деген қамқорлығы,- деді тұрғын үй кілтін тапсыру салтанатында Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов.

 

 

Алматы облысы

 

 

Алматы облысы