06 Желтоқсан, 2013

Тіл тигіземін деп...

281 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Күндегі әдетімен таңертең ұйқысынан оянған Л. түстен кейін өлімші халге түсіп, кеуде тұсындағы екі жарақатпен ауруханадан бір-ақ шығамын деп ойламаған еді.

Күндегі әдетімен таңертең ұйқысынан оянған Л. түстен кейін өлімші халге түсіп, кеуде тұсындағы екі жарақатпен ауруханадан бір-ақ шығамын деп ойламаған еді.

Даудың бәрі Л.-ның үйіне үш танысының келуінен басталды. Олардың бірі оның көлігін сатып алмақ болады. Көлікті қарап болғаннан кейін олар Л.-ны таза ауада сыра ішіп, демалуға шақырады.

Осылайша, қаланың шетіне шыққан төртеу ішуді бастайды. Ішкіліктің буы денелеріне тарқаған уақытта араларындағы Ж.-ның ұялы телефонына әйелі хабарласады. Тілі әрең бұратылып сөйлеп тұрған күйеуінің ішкенін білген әйелі дауыс көтере ренжи сөйлейді. Мұны естіген дос-сымақтары Ж.-ны жұбатады. Бұл өмірдегі ең маңызды нәрсе әйел мен отбасы емес, дос­тар мен ішімдік деп, әйелінен айқай естіген Ж.-ның намысына тиетін сөздер айтып, күледі. Сіркесі су көтермей отырған Ж. осы кезде Л.-ның айтқан сөздері шымбайына батып кетіп, пышақпен екі рет кеуде тұсынан сұғып алады.

Осыдан кейін ол оқиға болған жерден кетіп қалады. Ал, жәбірленуші Л.-ны өтініші бойынша сыралас серіктері үйіне жеткізіп тастайды. Үйіне келген Л. халі нашарлай бастаған соң, жедел жәрдем шақырады.

Айыпталушы Ж. бұған дейін бұзақылық пен қарақшылық қылмыстарын жасағаны үшін екі рет сотты болған. Өткен қате­ліктерінен сабақ алмай, тағы да ауыр қыл­мыс жасаған бұзақыны сот қатаң режім­дегі түзеу колониясында өтеуге үкім етті, деп хабарлады Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар