Ахмет Байтұрсынұлы • 20 Желтоқсан, 2020

Ахмет Байтұрсынұлының Арқалықтағы ескерткіші жүдеу тұр

789 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының Арқалық қаласындағы ескерткіші әбден тозығы жетіп, аянышты күйге түскен. Осыдан 8 жыл бұрын қараша күзде орнатылған мүсіннің шамамен екі метрден асатын тас тұғырына жапсырылған арзан, жұқа шынытасы әр жерден шытынап, аршылып, сөгіліп жатыр.

Ахмет Байтұрсынұлының Арқалықтағы ескерткіші жүдеу тұр

Арқалыққа мерекелік демалыс күндері келгендіктен, қала басшылығы мен жауапты мекемелерден хабар алу мүкін болмады. Әрі-сәрі болып біраз ойланып, ақыры осы қалада тұратын белгілі айтыскер ақын Айбек Қалиевті іздеп табуды дұрыс санадық. Мұнымыз жөн болыпты.

- Арқалыққа келген адам ең алдымен Ахаңды іздейді. Алайда ескерткіштің жағдайы мәз емес екені барлығымыздың қабырғамызға батады. Осыған байланысты биыл ескерткіш тұғырын бүтіндеп, оңдау туралы депутаттық сауал жолдадым. Шүкір, жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінді. Амандық болса, алдағы көктемде ескерткіш қайта жаңартылып, дұрысталады, - деген ақын тағы бір жағымды жаңалықтың шетін шығарды.

Арқалықтағы  Абай даңғылының бойында Абай аллеясының құрылысы басталыпты. Бірақ қыс түсіп, ауа-райының күрт суытуына байланысты құрылыс жұмыстары да көктемге дейін тоқтатылған.  

47145

 Қостанай облысы