06 Желтоқсан, 2013

Астанадағы ақтүтек

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше таңертеңнен бастап Астанада ауа райы күрт бұзылды. Содан бір күн ғана бұрын біршама жылылық танытып, аспанынан жаңбыр себелеп тұрған елорданың табиғаты ертеңіне адам танымастай болып өзгеріп шыға келді. Жел көтеріліп, ақтүтек боран ұйыт­қыды.

Оның күшті болғаны сондай, Бейбітшілік және келісім сарайы алдындағы жаңажылдық шырша қондырылған орнынан ұшып кетті. Осы аралықта Төтенше жағдайлар министрлігінен ауа райы жағдайының күрт нашарлап кетуіне байланыс­ты автокөліктердің барлық түрлерінің елордадан сыртқа қарай шығуларына ты­йым салынғаны хабарланды. «Ауа райының бұзылуына байланысты Астрахань тас жолы, Қорғалжын тас жолы, Көкшетау тас жолы, Қарағанды тас жолы, Рождественский және Софиевский тас жолы бойларында барлық көлік құралдары үшін қозғалыс тоқтатылды», – делінген онда. Сол сияқты, мектеп оқушыларының сабақтары тоқтатылған болып шықты.

«Қазгидромет» МКК синоп­тиктері желдің күші секөнтіне 14-15 метр жылдамдықта болғанын мәлімдеді. Ал түнге қарай 18 метр­ге дейін барды.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар