«Өрт туралы хабар 21 желтоқсан күні сағат 00:55-те кезекші пультіне түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде тұрғын үйдің екінші қабатындағы екі бөлмелі пәтерден түтін шығып жатты. Құтқарушылар 32 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады. Жанып жатқан пәтердің есігін арнайы құралмен ашуға тура келді. Өрт сағат 01:35-те толық сөндірілді. Қызыл жалынды ауыздықтауға 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт отты абайсыз қолданудан шыққан», деп мәлімдеді облыстық ТЖҚ-нің баспасөз орталығы.
Отқа оранған пәтердің ішінен 61 жастағы үй иесі мен 1954 жылы туған 2-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамның жансыз денесі табылған.