АҚШ-тың Детройт қаласы ресми түрде банкрот деп жарияланды. Бұл туралы Ntdtv.ru хабарлады.
«Детройт қаласы қарызға батты. Енді оның несие берушілеріне ақшаны қайтаратын мүмкіндігі жоқ», – деп шешті АҚШ-тың федералды соты. – Бұл АҚШ тарихындағы ең ірі муниципалды банкрот болып отыр. Қазіргі таңда қаланың қарызы 18 млрд. долларды құрайды».
Қаланың банкрот деп танылуы оған несие берушілерден заңды қорғаныс бола алады. Енді бір айдың ішінде Детройт билігі сотқа қарыздың құрылымын қайта қарау жөнінде жоспар ұсынуы керек. Оның арқасында қала билігі зейнетақы мен өзге де бюджет қызметкерлеріне берілетін төлемақының мөлшерін төмендетуге мүмкіндік алады. Осыған орай, Америка мемлекеттік қызметкерлерінің федерациясы сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым берді.
Соңғы жүз жылда Детройт АҚШ-тың көлік астанасы атанып келген. Мұнда «General Motors», «Ford» пен «Chrysler» компанияларының штаб-пәтерлері орналасқан. Қала экономикасы АҚШ автокөлік өнеркәсібінің дағдарысымен бірге, шамамен 40 жыл бұрын құлдырай бастаған екен.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Ntdtv.ru