Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2020

Елордада бірнеше адам улы газ датчиктерінің арқасында өрттен аман қалды

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеке тұрғын үй секторларын аралауда. Бүгінде олар 28 мың үйге барып, 41 мыңнан астам адаммен кездесу өткізді.

Елордада бірнеше адам улы газ датчиктерінің арқасында өрттен аман қалды

Аралау барысында құтқарушылар тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізді. Пешпен жылыту және электр жылытқыштарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі жадынамаларын берді. Сондай-ақ, әлеуметтік осал топқа жататын қала тұрғындарының үйлерінде 928 газ датчигі орнатылды. Бұл жабдықтар адам өмірін сақтауға көп көмегін тигізеді.

«Аралау халықтың әлеуметтік осал топтарындағы 3 мыңнан астам адамды қамтыды, 29 мыңнан астам жадынама таратылды. Аудан әкімдіктерінің көмегімен 2019-2020 жылдары халықтың әлеуметтік осал топтарының 1543 үйінде 928 датчик орнатылды, бұл бес азаматтың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда жылыту маусымы қазан айынан басталды. Осы датчиктердің арқасында біз Байқоңыр ауданында бір отбасын құтқардық", - деп хабарлады ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Бауыржан Бейсеканов брифинг барысында.

Бұған дейін хабарланғандай, Елорда әкімі ТЖД және аудан әкімдіктерінің қызметкерлеріне пеш жабдықтары мен газ баллондарын пайдалану бойынша түсіндіру шараларын күшейтуді тапсырды.