Кешегі құйындай соққан қатты желден Шідерті кентінен Ақмола облысы аралығындағы жол жабылып қалды. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі хабарлады.
Желдің жылдамдығы секундына 20 метр, кей жерлерде 25 метрге дейін жетті. Соның салдарынан облыстағы Шарбақты ауданының Құлат ауылы жарықсыз қалды. Сонымен қатар, облыс орталығындағы М.Горький көшесіндегі 102/3 үйдің шатыры құлап түсті.
Облыстағы бір аудандық прокуратура ғимараты төбесіндегі жабынды да жерге құлап түскен екен. Бірақ, облыс төңірегінде болған жел екпінінен азаматтар зардап шеккен жоқ.
Фарида Бықай,
Павлодар облысы.
Дереккөз: Egemen.kz