Бұл жайында Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Идеялар мен терең зерттеу жұмыстарының басын қосқан додаға 35 елдің 752 үміткері қатысты. Олардың қатарында Қазақстан мектептерінен 25 оқушы бар. Соның ішінде Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей интернатының екі оқушысы топ жарып, жеңімпаздар қатарынан көрінді.
Олар өз жобаларын ағылшын тілінде қорғаған.
Айта кетейік, пандемияға байланысты сайыс қашықтан өтті.