Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2020

Алматыда «Ғажайып аяз ата» акциясы басталды

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Ғажайып аяз ата» акциясы басталды. Акция аясында қала еріктілері 700-ден астам жалғыз басты зейнеткерге жаңа жылдық сыйлықтар ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда «Ғажайып аяз ата» акциясы басталды

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында осы игі істі өткізу бойынша онлайн-брифинг өтті.

Баспасөз жиынына Алматы мейірімділер клубының өкілі Мадина Мырзахметова, Қазақстан еріктілер лигасының Алматы филиалының төрайымы Бағдат Анарбаева, Лидер.Кз өкілі Блац Дильмира, Қазақстан Қызыл жарты ай қоғамының өкілі Ибрагимова Ләззат қатысты.

Акция 2 кезеңнен тұрады: 23-25 желтоқсан аралығында еріктілер азық-түлік жинап, өлшеп-орайды. Одан кейін 30 желтоқсанға дейін зейнеткерлер үшін азық-түлік пен мерекелік сыйлықтарды таратып, жеткізіп беру ұйымдастырылады.

Шараны қолға алғандар жаңа жыл қарсаңында жалғыз қалған ата-әжелерге жақсы көңіл-күй сыйлау керек деп санайды. Дәл осы себепті таңдау адамдардың осы аудиториясына түсті.

Қазіргі уақытта қала еріктілері 59 жастан асқан 700-ден астам жалғыз басты зейнеткерге жаңа жылдық сыйлықтар ұсынуды жоспарлап отыр. Акция барысында бұл сан өсуі мүмкін.

Айта кету керек, барлық қала тұрғыны, кәсіпкерлер және  бей-жай қарамайтын адамдар осы акцияға қатысып, өз үлесін қоса алады. Сыйлықтар мен азық-түлік өнімдері Байтұрсынов көшесі, 22к-1 мекенжайы бойынша қабылданады.

Соңғы жаңалықтар