06 Желтоқсан, 2013

Елімізде демалыс күндері жаңа жылдық мерекелерге ауыстырылды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06 12-UkimetЕңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау және 2013 жылғы желтоқсан мен 2014 жылғы қаңтардағы жұмыс күнін ұтымды пайдалану мақсатында Премьер-Министр Серік Ахметов демалыс күнін 2013 жылғы 28 желтоқсан сенбіден 2014 жылғы 3 қаңтар жұмаға ауыстыру туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Қаулыға сәйкес, қажетті өнім шығару, қаржы қызметтерін қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2014 жылғы 3 қаңтарда жұмыс жүргізуге құқық беріледі.

Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.

Дереккөз: «Хабар» телеарнасы

Соңғы жаңалықтар