Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Египеттен ұшып келген жолаушының бәрінен коронавирусқа қарсы сынама алынды. Зерттеу қорытындысы теріс нәтиже көрсетіп, жолаушылардан қауіпті инфекция анықталған жоқ. Жолаушылар үйіне жіберілді.
«Бұдан бұрын Атырауға 14-21 желтоқсан аралығында «Амстердам-Атырау» бағытымен әуелі 91, кейін 52 жолаушы келген еді. Оның ішінде 2 жолаушыда COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмады. Сол себептен, олар карантиндік стационарға жатқызылды. Жолаушылардан COVID-19 инфекциясы анықталмады» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.